Қоғам құрылымы

«Қазақ Географиялық Қоғамы» 2010 жылы география ғылымы және саяхаттануға қызығушылық білдірген пікірлес бірқатар азаматтар тобы ықпалымен ұйымдастырылған қоғамдық бірлестік.

Біздің негізгі мақсаттарымыз:

  • отандық география және онымен сыбайлас табиғат және қоғамдық ғылым салаларын дамытуға ат салысу;
  • ғылым жетістіктерін насихаттау;
  • ғылыми жетістік нәтижелерін тәжірибелік іс жүзінде қолдануға ықпал жасау;
  • география және онымен сыбайлас салаларда ғылыми творчестволық зерделердің дамуына барынша қолдау көрсету;
  • әлем сипатын тану мақсатындағы жасалатын саяхаттану шараларына ат салысу.

Осыған сүйеніп жоспарға салғанымыз:

  • түрлі бағыттардағы саяхаттарды, соның ішінде халықаралық экспедицияларын ұйымдастыру, іске асыру жәнеоларға жан-жақты қолдау көрсету;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару;
  • баспалық қызмет атқару, соның ішінде кітап жазбалық, топографиялық және картографиялық басылымдарын шығару;
  • экспедициялар мен саяхаттардың байқау конкурстарын, сонымен қатар фото және видео бойынша байқау сайыстарын өткізу.

 

Facebook
VK
Twitter