Испаниядағы Кафедралық Шіркеулер сужаясы

Испаниядағы Рибадаео қаласынан 10 км жерде (Галисия автономдық қауымы) Еуропаның ең саялы және ғажайып мекендерінің бірі  Praia de Augas Santas -  Қасиетті су жаясы орналасқан.

Туристер оны Кафедралық Шіркеулер сужаясы (Playa de Las Catedrales) деп атап кеткен.

Су қайтқан кезде мұнда табиғи құбылыстардан жаралған, биіктігі 30 метрден асатын табиғи готикалық аркаларды көруге болады.

Жағалаудағы жартастар жел ескіні мен теңіз суының толқындары әсерінен қалыптасқан зәулім биік ғажайып монументтер ішінде көптеген жырықтар мен аркалар, ұзағынан созылған лабиринттер қаланған. Соларды саялап жүрген туристер мен сәтті бейне- кадр іздеген фотографтар топтап жүреді..

Facebook
VK
Twitter