Тас толқыны.

Америка батысында, Аризона және Юта штаттарының шекарасында, Койота Бют тауларының бөктерінде Тас толқыны деген архитектуралық табиғи ескерткіші орналасқан

 

200 миллион жылдар бұрын бұл жерде құмды шөл жайғасқан еді. Марганец пен темір кендері және жерасты сулары мен ескеген маусымды желдер табиғат ғажайыбын қалап шықты. Оның үстін жанап өткен кальцит жұқа қабаты ландшафтына қосымша көркем көрініс береді.
    

 
Биіктігі 1593 метрге жететін Толқынды әлемнің жан-жағынан ондаған мың туристер асығуда. Алайда, оны жұзеге асыру оңай емес. Қатқан құмнан тұратын оның қырлары өте нәзік, қозғалыс кезінде мұқияттық сақтамаса, бырт сынулары әбден мүмкін.
 
 
Мұнда келу үшін үкімет әкімшілігінен алдын ала арнайы рұқсат алу қажет. Иірілген Тас толқындарының ғажайып пішіндерін тамашалауға күніне тек 20 адамға ғана рұқсат беріледі екен. 
 
 
Осыған ұқсас табиғи ғажабы Батыс Австралия жерінде де бар екен. Ол 60 миллион жылдар бұрын жел лебінен химиялық құбылыстардан пайда болған, граниттен тұратын Рок Тас толқыны..
 
 
Ұзындығы 110 метрге, биіктігі 14 метрге жеткен, уақыт араларында қатып қалған зәулім мұхит толқыны секілді табиғи ескерткіш Австралияға жылына 140 мыңдай туристер шамасын қамтамасыз етеді. Табиғаттың осындай ғажайып құбылысы жергілікті аборигендер үшін діни табыну мағынасын алған. 
 
 
Facebook
VK
Twitter