«Тойқазан » атты халықаралық фестивалі

14 қыркүйекте Іле Алатауы тауы етегінің табиғаты әсем көрікті аймағы әлемдегі сиқырлы хош иістерге толады ! Алматы облсының Талғар ауданының «Алатау» спорт кешенінің аймағында қазақтың ұлттық тағамдарына арналған «Тойқазан » атты халықаралық фестивалі өтеді. Мерекені ұйымдастыруға Алматы облысы әкімдігі және ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Парыз» қайырымдылық қоғамдық қоры мен Қазақстан франчайзинг және лицензиялау қауымдастығы атсалыспақ. «Тойқазан» фестивалінің бас демеушісі Қазақстан Географиялық Қоғамдық бірлестігі.

Той Казан

Қазақстаннның әлеуметтік желілерінде көтерілген бұл мәдени-танымдық, бұқаралық- көңіл көтеру шарасы Орталық Азия және ТМД аймағында болмаған теңдессіз оқиға болғалы тұр. Танымал блогерлер ұлттық салт-дәстүрді бірлесіп дамыту үшін офф-лайнде жүздеседі. Мереке алдында біз алдымен Фейсбукте бақытын тапқан достарымыздың үйлену тойын тойлайтын боламыз. Мұндай оқиға Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Содан соң,ұлттық салт –дәстүрімізге байланысты жоралғыларға арналған көңілді концерттер, қонақтардың көңіл-күйлерін көтеру үшін фестивалдың тағамын әзірлеуден сайыс өтеді. Ірі көлемдегі ас әзірлеу мен әсерлі концерттік бағдарламадан тыс сіздерге арнап ат өнерінің майталмандары өнерін көрсетсе, соңынан қыз қууды тамашалайтын боласыздар. Этностилдегі әртістер өнерлерін ортаға салса, Рустам Оспановтың жалынды дискотекасы мереке көрігін қыздыра түспек.

Бес бармақ-шоуға қатысуға Ресей, Орталық Азия елдері және жақын шетелдерден жүздеген меймандар қатысуға келісімдерін берді. Асығыңыздар, билет саны шектеулі. Автобустар ескі алаңнан 10.30 жүре бастайды. Сағат 13.00 алғашқы ыстық тамаққа сірне беріледі. «Той Қазан » халықаралық фестивалін қазақтың ұлттық тағамдарының білгір сарапшысы, ҚР қоғам қайраткері, шоумен бәріміздің сүйікті әншіміз Нұрлан Абдуллин ашады.

Фестивалды жыл сайын өтеді деп жоспарлануда.

Facebook
VK
Twitter