География

Қазақстан Еуразия континентінің орталығында орналасқан және аудан алқабы 2724,9 мың км2 жерімен дүние жүзінде тоғызыншы орын алады.

Қазақстан шығыс, солтүстік және солтүстік-батыс қиырында Ресеймен шекаралас болып, оңтүстігінде Өзбекстан; Қырғызстан, Түркменстан елдерімен, ал оңтүстік- шығыс алқабы Қытаймен шектеледі.

Қазақстан шекарасы Каспий теңізінің жағалауымен Еділ бойы даласынан Орал таулары бөктеріне көтеріліп, әрмен қарай шығыс  жаққа ұласқан Батыс-Сібір жазығынан Алтайға жетеді. Шығыс бағытында шекарасы Тарбағатай мен Жоңғар қырларынан, оңтүстікте Тянь-Шань таулары және Тұран ойысынан Каспий теңізіне ұласады.

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 12 187 км құрайды.

Қазақстан жерінің  бедері әр-қилы - 58 пайызы шөл және шөлейттен тұрады, 10 пайызын алған таулы алқаптар. Республиканың солтүстігінде ай дала мен орманды дала басымды, елдің 23 пайызы жер жыртуға, 70 пайызы мал бағуға бейімделген.

Солтүстік-батысында Орал алды үстірті орналасқан. Батысында Каспий алды ойысы жатыр. Оңтүстік батысында Маңғышлақ түбегі, шығысына қарай Үстірт жоңы орналасқан. Каспий ойысының солтүстік-шығыс бағытында Мұғалжар бөктерлері Торғай үстіртіне ұласады. Арал теңізінің төңірегінде Қызылқұм шөлдері мен Большие барсуки, Малые барсуки және Арал Қарақұм шөлдері орын алған.

Қазақстанның қақ ортасы Орталық Қазақстан шоқыларымен сипатталған. Оңтүстік бағытын Бетпақдала шөлейті алып отыр, ал онан тағы оңтүстікке қарай Мойынқұм шөлдері, шығыс жағында Балғхаш ойысы жатыр. Оның оңтүстігінде Іле ойысы орын алған.

Қазақстанның ең төмен нүктесі Маңғышлақ түбегіндегі Қарагие ойысы – ол дүние жүзі мұхитынан 132 метр төмен орналасқан. Ең биік нүктесі 7 010 метрден асқан Хан-Тәңір шыңы.

Қазақстан климаты өткір-континенталды жағынан сипатталады. Оның себебі жері мұхит жағалауларынан өте алшақ орналасып, батыс пен солтүстік желдеріне ашық жатқанда. Қысы қатаң, солтүстігінде ұзаққа созылған, оңтүстігінде жұмсақ, Қаңтар айының суықтығы  солтүстігінде −18 C°, оңтүстігінде  −3 C° мөлшерінде. Жазы құрғақ. Солтүстігінде жыл, орталығында өте жылы, оңтүстігінде ыстық болып сипатталады.

Жаун-шашындары таулы жерелерден басқа алқаптарда аздау. Қазақстан кеңістігінің басым бөлігі қатты желмен сипатталады, кей аймақтарда  жел жылдамдығы 40 м/сек-қа дейін жетеді.

Еуразия континентінің орталығында орналасқан Қазақстан әрдайым сауда, көркем және ғылыми-зерттеу қатынастарының ортасында болды. Көптеген саяхатшылар Қазақстан жерін жан-жақтан кезіп, өлкелік сипаттауларымен әлемдік география ғылымын толықтырған болатын.

Қазақ Географиялық Қоғамы география ғылымын дамытуды мақсатқа қойып, осы бағыттағы қазақстандық және шетелдік түрлі жобаларды қарастыруға дайын.

Қоғамның Қазақстан Республикасының атағын шығаратын, халықаралық маңызы зор алғашқы жобасы Оңтүстік Полюске бағытталған тұңғыш қазақстандық автокөліктік экспедициясы болып табылады. Бұл әрекет саяхатшыларымыздың рухын көтеріп, бойларындағы күш-қуатын арттырады деген сенім артады.  Алға басыңдар, географ замандастар!

"Оңтүстік Полюске Тұңғыш Қазақстандық Автокөліктік Экспедициясы" Жазып ал

Facebook
VK
Twitter