Экология

Қазақстанда кен шығару және өңдеу өнеркәсібі дамыған және соңғы бес жыл аралығында бұл салалардың өркендеуікүннен күнге артып келеді. Жаңадан құрылып іске қосылған өндірістік кәсіпорындар қатары көбею салдарынан, атмосфераға тарайтын зиянды заттардың қатары артып,жалпы Қазақстан экологиясының нашарлауына әкелуде. Көп жыл аралығында республикада жиырма миллиард тоннаға жуық  өндірістік қоқыс жиналып, оның үштен бір үлесі улы болып есептеледі. Бұл қоқыстардың негізгі бөлігі тау-кендік өндірісі мен кен өңдеу өнеркәсібінің, қара металлургия кәсіпорындарының, мұнай мен газ, мұнай-химия, құрылыс материалдарын өндіру салалрының қызметімен байланысты. Республика үкіметі және ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаны сақтау бойынша көптеген бағдарламаларды іске асырғанына қарамастан, Қазақстан экологиясы әлі де мемлекет және қоғам тарапынан қолдауын қажет етуде.

Бұл науқандағы негізгі өзекті проблемалардың бірі көмірсутегілерін өндірудегі шығатын мұнай жолама газдарын пайдаға асыратын шаралардың тапшылығы. Жолама газды шырақ көздерінде жаққан кезде атмосфераға азот, диоксид, күкірт тотықтары және күйік қоқыстары тарайды.

Қазақстан қалаларында ауаны ластайтын негізінен автокөлік құралдары. Қолданыстағы жанармайларының сапа төмендігі, автокөлік құбырынан шығатын газды тазалайтын фильтрлердің тапшылығы, автокөлік шаруашылықтары құралдарының нашар жағдайы, автокөліктер санының күннен күнгі көбеюі қоршаған ортаға көміртегі мен қорғасын тотықтары және басқа да денсаулыққа зиянды заттардың тарауына әкеледі.

Негізгі зиянды заттар – шаң, күкірт және азот диоксиді, көмірсутегілері, фенол, қорғасын, күкіртсутегі, хлорсутегі, аммиак және т.б. Бұл заттардың әрқайсысы адам денсаулығына өзінше зиян келтіреді. Ауа құрамына тараған осы заттардың жиналуы зиянды әсерін одан әрі күшейтеді. Бұл адам ішкі құрылысының имунналық жүйесіне жағымсыз әсерін беріп, жиі жағдайларда онкологиялық науқастарға ұшыратады.

Қалыптасқан биосфера құрамы Қазақстан тұрғындарымен қатар, жалпы еліміздің фаунасы мен флорасына жасайтын ықпалы мол, сондықтан бұл жағдай Қазақ Географиялық Қоғамы қарастыратын басты мәселелрінің бірі болып табылады. Қазақ Географиялық Қоғамы            осы мәселені шешуге және Қазақстан экологиясын зерттеп, оны жақсартуға бағытталған жобалар мен бағдарламарды барынша қолдау жасауға бел байлап отыр.

Қазақстанның ғажайып табиғатын сақтап, келесі ұрпақтарға беруді, қоршаған ортасын өркендетуді мақсат қоятын әрекеттердің барлығы Қазақ Географиялық Қоғамының назарында және мейлінше қолдау табады.

Facebook
VK
Twitter