Тарих пен археология

Тарих үнемі дамып келетін ғылым саласы. Бұл ең алдымен адамның дүние танымын ашып, оның өткен оқиғалар тізбегіне деген көзқарасын қалыптастыратын ғылым. Қоғамның ілгері дамуы оның тарихи сабақтарын терең ұғып, өткеннен алған дәрістерден келешекті болжау білу қабілетіне тікелей байланысты. «Тарихсыз халық та жоқ», деген бәріне мәлім ұғымның айтылуы жай емес. Тарих тәжірибесін терең зерттеп, болған оқиғалардың маңызын түсіну адамзаттың санасын, өнерін, дәстүрлерін қалыптастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады. Осы тұрған кезде болып жатқан оқиғаның маңызын байымды бағалау адамзатзаттың өз тарихын дұрыс түсінуіне байланысты. Өркениеттің мәнін ұйғарудың негізін қалайтын тарих, ол заман болмысы диалектикасының іргетасы болып табылады. 

Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың ажырамас бір бөлігі болғандықтан, оны терең зерттеу мәселесі жас ұрпақтың тарихи сана сезімін қалыптастыруда аса маңызды орын алады.

Қазақ халқы тегі жағынан түркі халықтарына жатып, оның ішіндегі саны мөлшерінен төртінші орын алады және мекен кеңістігінен дүние жүзі халықтарының ондық санының қатарында. Қазақтардың ата бабалары күрделі тарихи жолында  түрлі этноним атауларымен белгілі болған. Осы көпғасырлық өткен тарихында қазақтар әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосқан халық. Қазірде Қазақстанның тарихи ғылымының алдында ауқымды және жауапты мақсаттар тұр. Оның негізгі міндеті халқының тарихи санасын объективті тұрғыдан қалыптастыру.  

Бұл бағыттағы басты мақсаттардың бірі жас ұрпақта патриоттық сезім ояту, оны байымды түрде қалыптастыру. Өз кезегінен патриоттық сезімнің  оянуы өткенді болашақпен байланыстыратын тарихи сана сезімсіз мүмкін емес. Сондықтан тарихты объективті тұрғыдан зерттеу және оны қоғам ішінде насихаттаудың маңызы орасан зор.

Осыған байланысты, Қазақ Географиялық Қоғамы, Қазақстанның тарихи ғылымын дамытуға барынша қолдау көрсетудің маңызын ұйғарып, тарих, архелогия, этнография ғылым орталарымен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаруға дайын.

Бізді әсіресе қызықтыратын мәселе қазақ мемлекеттігінің орнау кезеңдерін, Алтын Орда хандығы замандарын зерттейтін еңбектерді дәріптеу мен насихаттау. Қазақ Географиялық Қоғамы еліміздің тарихы және этнографиясында елеусіз қалған оқиғалар мен фактілердің мәнін ғылыми және объективті тұрғыдан ашатын ғылыми жобаларды іске асыруда ат салысуға дайын.


Facebook
VK
Twitter