Өнер

Қазақ халқы ұзақ қалыптасу мерзімінің барысында көптеген тайпалар мен тегілер қатысқан ежелгі этностардың бірі болып, Еуразия тарихында маңызды орын алады. Қазақ халқы өзінің құрылуына қатысқан халықтардың мәдени мұрасын бойына сіңіріп дамыған ел, сондықтан ол дүние жүзіндегі мәдени байлығы мол халықтардың қатарында тұр. ХХ ғасырға дейін қазақ халқы көшпелі тұрмыс құрған болатын, алайда, осыған қарамастан, оның көптеген ғасырлар бойы өткен күрделі және байымды жолы басқа дамыған халықтардан осал болған емес. Көшпелі қазақтардың өзіндік ой-санасымен ұйымдастырған қоғамдық құрылымы, Батыс пен Шығыстың өзара синтездік қосылым түріндегі ықпалымен өмір салты мен әдет- ғұрыптарын қалыптастырды.

Қазіргі Қазақстан халқының мәдениеті – Қазақстан жерін мекендейтін түрлі этностардың мәдени дәстүрлерінің жиынтығы. Олардың өзара байымды қатынастары, діни жағынан, тегі жағынан теңдестігі Қазақстан халқының негізін құрып, оның айрықша бір әлемдегі орынын айқындайды. Қазақ Географияфиялық Қоғамы елімізде қалыптасқан ерекше мәдениет ғұрыптарын зерттеуге және оған жан-жақты насихат қызметін жүргізуге дайын. Бұл науқанда Қазақстанның өркени мәдениетін зерттеп дәріптейтін, оның байлығын сыртқа және ішке өнеге қылатын үлгілер Қоғам тарапынан аса қызығушылық пен қолдау табады.  

Facebook
VK
Twitter