Журналистер мен фототілшілер арасындағы көркемшілік байқау сайысының қорытындылары

Қазақ Географиялық Қоғамы және Қазақстан Журналистер Одағы жүлделеріне жарияланған журналистер мен фототілшілер арасындағы Көркемшілік Байқау сайысы аяқталды

Қазақ Географиялық Қоғамы және Журналистер Одағы журналистер мен фототілшілер арасында Қазақстан табиғаты, тарихы, географиялық, көркем-өнер және экология салаларындағы қызметімен қазақстандық ғылым, өнер және қоршаған ортаны сақтау науқанында зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар мен қарапайым адамдар жөнінде жасалған үздік материалдарға арналған Көркемшілік Байқау қорытындысына келді.

Көркемшілік Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаз танылғандар:
  1. Қазақстан табиғатына арналған ең үздік фотоматериал – Константин Киквидзе;
  2. Қазақстан табиғаты мен географиясы жөнінде жазылған ең үздік мақала - қазақ және орыс тілдерінде – Жексен Алпартегі, Алексей Гончаров;
  3. Қазақстан мәдениеті тақырыбындағы ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде – Жамал Абсолямова;
  4. Экология жайындағы ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде – Смадияр Құттыгерей, Георгий Осадчий;
  5. Тарихи материалдарға сүйенген Қазақстан тарихы мен этнографиясы жөніндегі ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде – Наталья Денисова, Сапожникова Людмила;
  6. Қазақстан тарихы, географиясы, көркем-өнері мен экологиясы жөнінде жасалған ең үздік теледидарлық жоба – қазақ және орыс тілдерінде – Елнұр Есмұратова, Ольга Витукевич;
  7. География, тарих, көркем-өнер және экология тақырыбында жасалған ең үздік жаңалықтар сюжеті – қазақ және орыс тілдерінде – Ақын Ордабайұлы, Темір Сәндібаев;
Байқау қорытындысы бойынша басқа да талапкерлер белгіленді – толығырақ ақпарат  www.kazgeo.kz  сайтында орналастырылады.

Байқауда Қазақстан электрондық және баспасөз ақпарат құралдарының журналистері мен фототілшілері қатысты.

Байқау жеңімпаздары Қазақ Географиялық Қоғамы және Қазақстан Журналистер Одағы тағайындаған дипломдары мен қаржылай жүлделермен марапатталады.

 

Facebook
VK
Twitter