ҚазГео жаңа жобалары

Оңтүстік Полюске бағытталған Тұңғыш Қазақстандық Экспедиция жобасын жүзеге асырумен шектенбей, ҚазГео өз қызметінің басқа да бағыттарын дамытып отырды.

«Қазақстан: кинофильмдер бейнетізбегі» айғағындағы кино және мәдениет фестивалі.
Мезгілі: 2012 жыл, 1-7 маусым, АҚШ, Лос-Анжелес

ҚазГеоHelix Films (АҚШ)компаниясымен бірлестікте осы фестивальды ұйымдастыруда серіктес ретінде қатысады. Бұл фестиваль Қазақстан кинемотографиясының мәдени ерекшелігін дүние жүзіне танытудың айрықша мүмкіндігін береді.

Фестиваль ұйымдастырушылар кино, музыка және көркем мәдениетінің басқа жанрлары арқылы екі елді бір - біріне таныту деген мақсат қойып отыр. Біздің бұл қадамдарымыз отандық кинематографистерінің мүмкіндіктерін арттыру және американдық әріптестерінің Қазақстан жөнінде мәлімет шеңберін кеңейтуге бағытталған .

2012 жылдық фестиваль өзіндік бағдарлама мазмұнын мәдени саласындағы көріністермен байытуда. Бұл айрықша бағдарлама құрамына кірген тармақтар:
  • 7 кеш бойына созылған кинофильмдер көрмесі;
  • Мәдени бағдарлама;
  • Кино аясындағы Қазақстанның тарихи көріністері;

Орталық Тән-Шәнда Қазақстандық Техникалық Экспедициясын ұйымдастыру
Мезгілі:  2012 жылдың 9-17 тамыз аралығы.
Экспедиция құрамы:
  1. Леонид Крупа
  2. Роман Шестернин
  3. Темірбек Анарбаев
Сонымен қатар, экспедиция, құрамына Ресейдегі Томск қаласынан тағы екі альпинистің қосылуын күтуде.

Экспедиция алғаш қадамдарын Қаракөл шатқалынан басып (Қырғызстан), әрмен қарай Ала-Арша шатқалындағы «Семенов-Тянь-Шаньский», «Бокс», «Бәйшешекей», «Корона Пятая Башня», «Корона Шестая Башня» шыңдарына шығумен жалғастырады.

Бұл Экспедицияның мақсаты жоғары санатты маршруттарымен Орталық Тән-Шән шыңдарынан асып,  қазақстандық техникалық альпинизм саласын ілгері дамуын ықпалдату.
 

«Беймәлім Қазақстан» Автокөліктік Экспедициясы (шартты атағы)
Мезгілі: 2012 жылдың тамызы

Барлықавтокөлік әуесқойларына арналған, Қазақстанның тарихи және ерекше қызық өлкелерінен өтетін Автокөліктік Экспедиция.

Бұл Экспедицияның негізгі мақсаты еліміздің тарихы мен мәдениеті және табиғатымен танытып, насихаттауға бағытталған. 
 
 
 
 
Байланыс:
info@kazgeo.kz
Facebook
VK
Twitter