Алматыдан «Қазақстан аңыздары» тұңғыш автоэкспедициясы аттанады

 

2012 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыдан «Қазақстан аңыздары» Автоэкспедициясы аттанады. Экспедиция маршруты Қазақстан табиғатының әсем көркін және ғажайып түпкірлері арқылы өтеді, ал оның жалпы қашықтығы 10 мың км шамасын құрайды.
 
Автожорықты ұйымдастырған Қазақ Географиялық Қоғамы, Volkswagen сауда маркасымен шыққан Компания MERCUR AUTO және Kino Park кинотеатрлар тізбегі. Жобаға қолдау көрсеткендер Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі қарамағындағы туризм Комитеті, Қазақстандық туристік ассоциациясы және Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің география Факультеті.
 
Экспедицияның Ақпараттық бас серіктестері болған «За рулем - Қазақстан» журналы, МТРК «Мир» каналының Ұлттық филиалы, nur.kz, порталы және «Евразия» 1 каналы.
 
Медиа-серіктестер статусында жобаға ақпараттық қолдауын «ҚазАқпарат» Ақпараттық Агенттігі, «Караван», «Түркістан», «Айқын», «Қазақстан Заман», «Панорама» газеттері, «Деловой Мир», «Қазақстан», «Автомир - Қазақстан» журналдары, танымалы auto.lafa.kz, zhurik.kz нитернет ресурстары және «NS» радиосы көрсетеді.
 .
Автоэкспедицияның серіктесі болғандар:
·         Mobil 1 сауда маркасымен KULAN OIL компаниясы;
·         BRIDGESTONE  сауда маркасымен шыққан СВС компаниялар тобы;
·         BARDAHL техникалық сұйықтары мен аксессуарлары сауда маркасымен шыққан TANAUTO KAZAKHSTAN компаниясы;
·         THULE KAZAKHSTAN – автокөлік жүксалғыштары компаниясы;
 
Экспедиция Terrain Tech пакетімен Volkswagen Touareg 3.0 TDI және Off Road пакетімен Volkswagen  Amarok 2.0 TDI жолтөзімді автокөліктерімен өтеді.
 
Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан табиғи байлықтарын және тарихи нәсілдерін насихаттау арқылы қазақстандықтардың бойында Отан сүю сезімін көтеру болып табылады. Сонымен қатар, экспедиция ұйымдастырушылары алдына еліміздің саяхаттану потенциалын ішкі және сыртқы аудиторияларға ашып беру мақсатын да қойып отыр.
 
Автожорық барысында экспедиция қатысушылары (жалпы саны 60 адам) аты шулы  Touareg және Amarok жолтөзімді көліктермен Қазақстанның 7 облыс кеңістіктерінен кезіп, 5 ұлттық саябағын тамашалайды және 10 таулы асуларынан өтіп, еліміздің ең төмен жатқан нүктесінде қоныс тігеді. Экспедицияның жол маршруты Қазақстанның әсем көрікті, сирек зерттелген ерекше табиғи орындарынан өтеді.
 
Осылайша, маршруттың шығыс бөлігінде экспедиция Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Шыңғыстау тау тізбектерімен жол тартып, Алакөл және Марқакөл көлдерін жағалайды.
Еліміздің солтүстік  және солтүстік-батыс өңірлерінде экспедиция қатысушылары Науырзұм қорының көркіне тамсанып, әлемнің ең көне тауларының бірі - Мұғалжар тауларынан асады.
Маршруттың батыс және оңтүстік бөлігінде автожорық қатысушылары Каспий ойпатының ерекше ландшафтыларын, «Сарайшық» тарихи кешені мен Бетпақ Дала шөлінен өтіп, Ақсу-Жабағлы қорының сирек кездесетін фауна мен флорасын тамашалайды.  
 
Қазақ Географиялық Қоғамы президиум төрағасы Нұрлан Абдуовтың сөзіне жүгінсек: «Жобаның негізгі мақсаты – өз Отанын тани білу! Қазақстан байтақ жерін зулап өтпей, кезіп жүріп барлығын да өз көзімен көру, бойына сезім тартып, терең ұғу және оны сүйе білу!» 
 
Экспедиция алдына қойған иақсаттарына жету үшін, қазақстандық және шетелдік қауымдарға ақпараттық мәлімдеме беру мәселесіне аса көңіл бөлінген.
Осылайша, күн сайын online режимінде экспедиция ұйымдастырушылары мен серіктестері сайттарында, әлеуметтік торлардың беттерінде, медиа-серіктестердің жаңалық ақпараттарында көпшілік қауымға автожорық барысы жайында толық мәлімет беріп отыру көзделген. 
 
Сонымен қатар, экспедиция нәтижелері бойынша маршрут жолын, Отанымыздың табиғи, географиялық және тарихи байлықтарын бейнелейтін фотоальбом шығарылады.
 
Автоэкспедиция дайындығы және жүзеге асу барысы жайындағы ақпарат, фото-видео материалдарымен қоса, автожорық ұйымдастырушылары мен серіктестерінің келесі ғаламтор-ресурстарында орналастырылады:
 

 

Facebook
VK
Twitter