Кейптаун кемежайында-1

Қазақ Географиялық Қоғамы ұйымдастыруымен Оңтүстік Полюске бағытталған Қазақстандық автокөлік Экспедициясының аттануына азғантай ғана уақыт қалды Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында дайындықтың соңғы шаруалары қызу жүргізілуде. Экспедицияның бір топ қатысушылары Кейптаунға келіп, жүктерін реттеп жинап жатыр. Жақын арада оларға қалған қатысушылар қосылып, түгелі арнайы рейспен ғаламшардың ең оңтүстік қиырындағы Антарктика қүрлығында орналасқан Новолазаревская бекетіне бет алады.

Экспедиция желтоқсанның 3-күні басталу тиіс. Саяхаттың барысын осында, фейсбук, Вконтакте және твиттердегі #kazgeo2011 хэштег бойынша бақылап отырыңыздар.
 
Әрмен қарай қысқаша фотосурет есептемесі
 
Әзірше автокөлікке жүк бөлімшесіне сиятындай кішігірім дөңгелектер салынған.
 
Навигациялық құрал-сайман сынағы өткізілуде.

Көлік тіркемесі осы қалпында қолымызға түсті.

Жылы киім кешек әкелінді...

...және фургонға жүктелді. 

Бұл Антарктикаға жүк жөнелтумен айналысатын логистикалық компанияның кеңсесі.
Facebook
VK
Twitter