Оңтүстік Полюске бағытталған қазақстандық экспедицияның жаңалықтары.

Саяхаттардың бәрі бұлжытпай жоспар бойынша жүзеге асуы мүмкін емес. Біздің де экспедициямыз күтпеген жерден тиген олқылықтар кесеріне ұрынды. Алматы әуежайында бір жарым сағатқа созылған ұшақ рейсінің кешігу салдарынан, экспедиция мүшелерінің бір бөлігі Абу-Дабиде көзделген ұшақ ауыстыру уақытынан қалып қойып, Кейптаунға бүгінгі таңертеңде ғана жетті.

Осы топпен бірге саяхаттың негізгі мақсат нысаны болатын Оңтүстік Полюсте орнатылатын Қазақстан көк байрағы келді.

30 қарашаның кешінде экспедиция мүшелер командасы Антарктида құрлығындағы Новолазаревская бекетіне ұшып бару тиіс.

Экспедицияның түгел құрал-сайманы әуежайдың жүк қоймасында жиылған. Қалған ұсақ жүктерімізді ертең жеткіземіз. Антарктидаға ұшу мезетіне 58 сағат қалды. Қазір Кейптаунда +24 градус жылы, әлі африкалық ауа райына рахаттануға уақыт жеткілікті.

Кейптаунға ұшақ қонар алдында: Table Mount тауы.

Әуежайдан созылған жол бойында тамаша көріністер ашылады.

Артқы көріністе бізді Антарктидаға жеткізетін Ил-76 ұшағы.

Бұл кемежайдағы Panama Jack мейрамханасы.

Саяжай мен дәмді тағамдар.

Осындай шаян жәндік түскі асқа әзірленіпті.

Піскен түрі көзге жағым, дәмі де тамаша болып шықты.

Эскпедицияға қажет кейбір қосымша нәрселерді аяқ асты алуға тура келді.

Ал енді команда мүшелері толығымен жинақта!

Facebook
VK
Twitter