Антарктида. Алғашқы репортаж

Антарктидаға келгеніміз.

 

Ауа райы ыстық екен - бар болғаны минус 20 градус суық. Келген бойы жүк түсірумен айналыстық.

Алдымен жолға салатын үшінші автокөлікті шығардық. Ол ұшақ қанаты маңайына тиелген екен, содан түсірумен біраз айналып ашу третью машинку.]

Оны баяғыдан осы арада күткен екі көлік мәз болып, қуанышын жасыра алмағандай жайнап тұр.

Бірден маңызды істер қайнап кетті – Найзабек пен Қайсар көліктерге таңбалы жапсырмаларды орнатуға кірісті…

Нурлан, Костя және Сергей – сыртқы дүниемен байланыс атқаратын интернет жүйесін реттеу шараларын қолына алды.

Интернет қалпына реттелген, тіпті wi-fi қоса. Оның үстіне бірден YouTub жұйесінде сынақ ролик ретінде алғашқы бейне материал түсіріп орнатылды.

Автокөлік үстінде интернетпен қоса жеке номірлері қойылды. Бұл қажетті талап екен.

Орденбек пен Берік өздерінің арнайы ғылыми саймандарын реттеп, іске қосумен айналысты.

Міндетті шаруалармен қатар, алғаш мезеттер Новолазаревская бекетінің тұрғындарымен танысып араласумен өтт.

Полярлық тұрғынлардың тұрмыс - тіршілігі осындай «қораптарда» өтеді екен.

Бұл дегеніңіз жергілікті мейрамхана 

Осы жердің автокөліктері – біздің жеңіл – еркін арғымағымыз, нар салмақты ауыр техниканың жанында.

 

Валентин (сол жақтағы екіншісі) –Антарктиданың ең қадірлі поляршысы. Оның Восток бекетіне өткен алты жорығы бар.

Байырғы тұрғындардың бірі алдымыздан шықты. Әттең, пингвин емес екен …

Мұндағы күннің көзі қауіп жасырады екен, Аңқаулық жіберіп, тұрып қалсаң- лезде күйіп кетесің. Сондықтан ашық бет әлпетін көлеңкелеп жасыру - алдыңғы шарт Алайда, талай таудан асып, дала кезген біздің жігіттерге бұл сыр болмас...

Кешкісін Костя, Нұрланжәне СергейАнтарктида құрлығында әйгілі Володя Барановта қонақ болды. Ол жайында әңгіме бөлек – ғажайып кісі!

Шаруа белден асар – бәрін жөндеп, ептеп, қаптап, қайта тексеруден өткізу қажет – аз ғана жіберген олқылық -  ертең ауыр бейнетке айналу мүмкін. Бүгін біз маңайда қытайлық поляршылармен серуен жасап, кішігірім сынақ өткізуді көздеп отырмыз, ал ертең,жексенбіде, полюс бағытына жорыққа аттанамыз.

Маршрут барысының тікелей репортаждарын бақылап отырыңыздар.
Facebook
VK
Twitter