Сапар алдындағы соңғы дайындықтар

Пингвиндер Өлкесіндегі екінші күніміз (шынына келсек, оларды әлі көрген емеспіз) жолға шығар алдындағы қызу дайындықпен өтті. Жолға алар бүкіл жұгіміз контейнерлерге қапталып, әрқайсысы жаэумен таңбалағаннан соң, үш тіркегішке тиелу керек. Бәрін тиеп болғанша жұмыс белден асар секілді – не болса да шаруаны тез бітіру қажет.

 

Ең бастысы – азық қоржындарын қаптау – жолда сатып алар супермаркет табылмас, жорықта салғаныңды жерсің. Сондықтан мұны дайындықтың ең маңызды тараптарының бірі деп білеміз.

 

Жүктің әрқайсына жазтаңба салынған, ертең қар астында қайсы қайда жатқанын іздеп әлек болмаспыз:

 

Консервілер, өз алдына, жорықтың нағыз азығы:

 

Алайда, біз үшін ең тәттісі – ұлтымыздың асылы – айналдырған қазы. Новолазаревская поляршыларының қазыдан есі танды. Оны қоржынға салып, Полюсте ет асып, бешбармақтың көкесін көрсетеміз.

 

 

Қоректен де басқа атқарар тірлік бар екен: жансыз мұз бен қар сахарасында байланыс жүйелерінің барлық желістерін үздіксіз қадағалап отыру қажет. Сондықтан біз GPS, рация және басқа сыртқы ортамен аралас беретін байланыс жүйелерін қайта-қайта тексерумен айналыстық.

 

Шаруа – қызмет араларында Новолазаревская тұоғындарымен ара-қатынасты жалғастырып отырдық. Бекет бастығы – Владимир Кирьянов. Дегендей, осы өңірдің құдайы мен патшасы.

 

Мұндай қатаң ортада басқаша болмайды екен. Ал енді тұрған қоныс ұсқыны патша сарайына келмейді екен: бекет бастығының қызмет кеңсесі.

 

 

Байырғы тұрғындармен де әңгіме-дүкен құрдық. Олардың айтуынша, маңайда үркімеген аң да жетерлік, бірақ та саят қылуға тиым салынған екен, бәрі де қызыл кітап қорғауында.

 

Табиғаты ғажайып екен. Көкжиекте көрінген қала секілді мұндай елестер де кездеседі…

 

Ал мына екі фотобейне антарктикалық күнбастыс көріністерін ұстап қалғандай...

 

 

Осымен доғарайық. Ертең, бұйыртса, аттанамыз, келесі репортаж мұз бен қар сахарысынан шығар.

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

официальном сайте Казахского географического общества, 
— Facebook http://www.facebook.com/kazgeokz, 
— Vkontakte http://vkontakte.ru/kazgeo 
  http://kazgeo.kazakh.ru
 http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011

Facebook
VK
Twitter