Алғашқы көшқоныс

Ал күн деген ұясына батпай, бізді шырқайналып жүрген секілді. Антарктикада қарашаның ортасынан наурыз айының басына дейін күн шуағы тарқамайды. Қалған мерзімде қараңғы түн, ызғар суық, басылмайтын жел соғады. Шынына келсек, Амундсен мен Скотт саяхатының 100 жыл бұрын полюске жетіп, жасаған ерлігіне таң қаласың. Сол кездегі адам бойындағы қайсарлық пен үзілмес үміт қаншалықты. Осы жерді көргенде, ауруақтарына иман тілейсің. Оның үстіне, ағылшын экспедициясының мәйіттері  түгелімен осы маңайда – Антарктиданың мәңгілік қойынында жатқаны белгілі…

Көкжиекте сығырайған нүкте біздің алдыңғы көлігіміз. Біз тұрақтың орнына аяқ басар алдына келдік.

Алғаш асу ең қиынға тиетіні белгілі. Сондықтан қоныс құруға асығып, тез жайғастық.

Шатырларымызды құрған бойы қар жауып кетті.

Тепкен алғаш қоныс жиегін антарктикалық таулар қоршаған. Ертең солардан асу қажет…

Ал мұнау таулардың шаңғылық көзілдірік арқылы футуристикалық көрініс. Біз көбінесе жан-жағаны өстіп көреміз, онсыз көзден айрылу қауіпі ықтимал. Шексіз аппақ қар өткірі көз жанарын кесіп, шыдатпайды.

Көшпенді тымағының қадірін осындайда білесің! Көркемге де, тірлікте де сайлы бас киім. Басым 20 минут ішінде қайнап кеткендей болды. Айрықша да, көркем де,  ыңғайлы сезінеді.

Біздің қызғылт-сарғыш шатырымыз кеңдігімен, құрғақ жылуымен және ыңғайлығымен жайғастырады.

Ең басты шаруа – кешкі тамақ дайындау. Қарнық тоқ болып жатқан дұрыс. Мынау біздің «көшпелі ас үйіміз».

Асымыз қарапайым – қуырылған сосискілер…

… және тез пісетін кеспе.

Тез дайындалып, бойға сіңетін ыстық тағам.Тағы не қажет? Құрма шығар. Оны көбі сұрайды екен, Жолда кеміріп жүруге икемді, түскі және кешкі шайға да жақсы келеді.

Тамақтан соң ұйқы уақыты. Бұл арада қуат-жігер тез жұмсалады, ертең қиын жол жүреміз, оған күш жинау керек.

Тәңертең сонау жаққа – полюске қарай бағыт аламыз…

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

 

— Қазақ Географиялық Қоғамының ресми сайтында 
— Facebook
 http://www.facebook.com/kazgeokz, 
— Vkontakte
 http://vkontakte.ru/kazgeo 
  http://kazgeo.kazakh.ru
 http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011

Facebook
VK
Twitter