Сапардың екінші күні

Түнгі қоныстан кейін біз тауларңв қарай бет алдық. Бәрі ойдағыдай өтті, алдында баяндаған репортажымызда таулардан асқанымыз жайында қысқаша видео жібергенбіз. Тағы көрсетейік:

Асудан кейін алдымыздан тегіс жазық ашылды. Күн ашылып, ауа температурасы -28 ғана – ауа райы бізге жағып тұр. Көкжиекке дейін жатқан кар мен мұз..

Біз қазір осы жерде тұрмыз, оны картадан көруге болады. Айтпақжы, бақылау жүйесі орнатылған, және қызмет атқаруда. Біздің бүкіл сапарымызды сайтымыздағы және facebook байланысындағы картадан көруге болады.

Антарктикалық күн шуағына шыжғырып қалу ғажап емес. Костя, байғұс, осыған тап болды.

Сергей Бодров та аздап күйген секілді:

Жазықпен айдау тез де, көңілдірек те екен.

Сапардың екінші күні күтпеген олқылықтар мен кідірістермен өтті.

Аяқ астынан бір дөңглектің желі шығып, тоқтауға тура келді:

Арнайы запас дөңгелектердің болғны жақсы болды.

Оның үстіне тіркегіштің бір амортизаторы босап қалыпты

Жарты сағат жөндеуден кейін, сапарымызды жалғастырдық..

Кешке жақын ауа райы -37 градусқа дейін суып кетті,  бәріміз шалдығып, тұрақ құруға шештік.

Қызғылт-сарғыш «антарктикалық қонақ үйімізді» орнаттық

Кешкі тамақ пен осындай антарктикалық ыдыстан шай ішіп, ұйқыға жатамыз.

Соңында, антарктика даласыны кезудің видеоға түсірген қызығын тамашалаңыздар:  көліктің рулінде Константин Орлов.

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:
Facebook
VK
Twitter