84-ендіктен астық! Алға-а-а-а!

Жанармай құюда көпке кідіріп қалдық. 10 желтоқсанның Астана уақыты бойынша сағ. 23:47 жолға шықтық. 

Антарктикалық жанармай депосы. Әр бөшкеде 200 литр керосин. 

 
Ғалымдар өз шаруасын атқаруда. Берік Баймағамбетов

Экспедиция үлкен, кішісін танымайды. Бәрі де жұмысқа салынғаг. Ғалымдар шатыр жиып жатыр.

Қар ерітіп, ыстық тамақ дайындаймыз!

Антарктидада микробтар жоқтың қасы. Алайда, ас алдында қол жуу мұнда да міндет!

Алғашқы босап қалған дөңгелек антарктикалық шиномонтаж шеберханасына жеткізілді.

Енді дөңгелек те дайын...

...орынына салғанда жаңадай көрінеді.

...и установлено! Как новенькое.

Сенбілік таңертеңгі, түскі және кешкі тамағымыз. Үшеуін бірден асамыз. Келесі асымыз Полюсте болды деп сенудеміз.

Таңертеңгі ыстық шай.

Дәрігер және оператор қызметін екі бірдей атқарушы, тынымсыз Василий Мозжухин төртбұрышты ақшақар қиып салды..

Енді болдық, әрі кеттік.

Көлік терезесі қараңғыланған. Антарктика күн шуағын басып, күюден аман қалдырып келді

Рапактар мен қар барқандары басталды. Фотобейнеге бойынан түсірілген, ал біз оларды көлденеңінен кешіп келеміз.

84-ендіктен жаңа астық. Енді алға-а-а-а!

 

 Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

— Қазақ Географиялық Қоғамының ресми сайтында 
— Facebook 
http://www.facebook.com/kazgeokz, 
— Vkontakte 
http://vkontakte.ru/kazgeo 
  
http://kazgeo.kazakh.ru
 
http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011

Facebook
VK
Twitter