Оңтүстік Полюстің ашылуына 100 толды

Бүгін Антарктида мерекесі – Оңтүстік Полюстің ашылуына 100 толды. Норвегиялық 06:00 сағ. (11:00 Астана және 18:00 Амундсен-Скот тұрағының уақыты бойынша) ҚазГео Руль Амундсен мен Роберт Скотт Оңтүстік Полюсті ашқанына 100 жыл толу меркесінде ресми түрдегі қатысушысы болды. Салтанат рәсіміне Норвегия Премьер-Министрі қатысады. Норвегия мен Ұлыбритания туларын өзіміз алып келгенбіз. Антарктиканы ашқан данышпандардың аты өшпесін! Алға Қазақстан!!!

Біздің жоспарларымыз:
 
14 желтоқсанда күні бойы Оңтүстік Полюсте боламыз. Одан кейін жинақталуға, жанармай толтыруға кірісеміз. 16 желтоқсан күні 00:00 Астана уақытында (Гринвич бойынша 18:00) Оңтүстік Полюс басына Қазақстан Республикасының көк байрағы тігіледі. Одан соң ҚазГео Новолазаревская бекетіне бағыт алып, ол жерден үй жағына Қазақстанға тартады. Бәрін үлгіреміз деп сенеміз.

Орденбек Мазбаев пен Берік Баймағамбетов жасаған сапарына риза. Ақ континентке аяқ басқан алғаш Қазақстан ғалымдары. Жолда қар мен мұздың 20 үлгілері алынды. Радиация мен ауа құрамының өлшемдері жасалды. Барлық ғылыми деректер мен материалдар әлемдік ғылыми қауым ортасына тартылады.

89-ендіктен өтіп, тұрақ басына жетіп, қойылған мақсаттарды орындаған үшін Сергей Бодров пен Константин Орлов ҚазГео құрмет белгілерімен марапатталды. Алда Оңтүстік Полюс және Тұңғыш Қазақстандық Антарктика Экспедициясының арнайы белгілері күтіп тұр.

Бұл қуанышты біз ет асып, бешбармақпен тойлаймыз. Қазы мен жая Оңтүстік Полюсте – ойға сыймас құбылыс. Оны қалай жеткізгеніміз экспедицияның айтпас сыры болсын:

Ал енді тура полюс басына бағыт. Онда не болатынын сіздерге мідетті түрде көрсетіп, баяндаймыз.

   Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

Facebook
VK
Twitter