Қайту жолдың күнтізбегі. 17 желтоқсан

Бүгінгі репортаж – қайту жолымыздың қысқаша мәлімдемесі. Толығымен баяндап отыруға уақытымыз да жоқ, тіпті әліміз де қалған жоқ. Антарктикалық боранды кешіп-кезу оңай емес екен.

17 желтоқсан, таң атты. Қар тізеден асып, жылдамдығымыз сағатына 2 км-ге дейін төмендеп кетті. 360 градус айналаны қар басып, аспан мен жер тұтасып кеткендей.


17 желтоқсан. Күндізгі уақыи. Жылдамдық 5 км/сағ, ауа райы болжамы – 17 желт. 09:00 UTS 18 желт. дейін UTS – жел екпіні 25 м/сек, 30 м/сек дейін қарқындайды, көрініс 500 метрден аспайды, қарлы дауыл, төменгі ярус бұлттығы 300 м-ден төмен, ауа райы боранды. Бұл 80-70 екпіндер аралығында, тура біздің маршруттан өтеді.

 

Көліктеріміз таңы да қарға батты. Қайта қар қазу керек.


Ауа райы одан бетер нашарлады. Жылжу мүмкіндігі жоқтың қасы. Оның үстіне жаңа түскен қар борпақ. Жол басынан тұрақ жасамастан келеміз. Көлік ішінде кезекпен ұйықтаймыз. Бәріміз әбден қалжырадық. 2-3 сағат демалуды ұйғардық. Бізден өтініш: ғаламтордан 76 мен 70-ендік аралығындағы ауа райын көріңізші, нақты координаталарымыз S76'05.232 E011'52.781.  facebook жарында немесе пікір бөлісуде жазыңыз. Бізде ғаламтор желісі тежеліп тұр. Алдын ала рахмен айтамыз.

Тоқтағанымыздан 3-ақ минут өтті. Таңертең қазып алармаыз...

 

John Semenov пен Sergey Radionov, сіздерге жіберген ауа райы болжамы үшін көп рахмет. Қазір  21:00 GMT 17 желтоқса. Таң атқанды күтеміз. Әзірше болжамдар тура келісіп жатыр. Жағдай өзгеріссі. Машиналарымызды қар басып қалды, бірақ іштерінде жылы. Жанкүйердердің тілектері де жылытады екен. Тіке бағытпен 588 км жол қалды. Алдыңғы көрініс ашылған бойы қозғаламыз.

 

Екі сағатта басқан қар. Қазақстанда болып тұратын кәдімгі боран сияқты, талай кешкен нәрсе деп жұбатамыз өзімізді. Қайта байланысымыз да бар, қозғалыстан да ажыраған жоқпыз. Адам баласы бұдан да қатер жағдайларға төзген.

Қозғалысты 07:00 Астана уақытында 2011 жылдың 18 желтоқсанында бастадық. Ура, жолды жарып шығып, сапарымызды жалғастырудамыз!

ҚазГео Антарктика қамалын жарып шықты, видео:

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

 

Facebook
VK
Twitter