Панамызға 200 км қалды

Қайырлы таң, Қазақстан! Жанкүйерлерімізге арнайы сәлем! 20011жылдың 19 желтоқсаны, Астана бойынша 06:00, Новолазаревскаядан тура жолмен 200 шақырымдамыз. Үстірт жазықтығын ақырын басып, жәйлап өттік. Циклоннан кейін мұнда бәрі де өзгеріпті. Қар басқан мұзды қырлар көлденең жатыр. Әйтеуір, ауа райы оңалған сияқты. 80 км-ден соң таулар басталады.

Біз циклонды қуып жеттіппіз. Алдымызда панамызға соңғы кедер болып тұрған  таулар басталады. Одан да асармыз! 

 

 Бәрі де қатып қалған, алдымен темір көліктеріміз.

 

Кейде түнерген бұлт қамалын жарып, күн көзі сығыраяды.



Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:

Facebook
VK
Twitter