Таулар, шампан және сыйға тартылған қазақ тымағы.

Бұдан бұрынғы репортажымыз қысқа болып шықты. Бәріміз шаршап, ғаламторға бірдеме жазып, фотоларды салуға шамамыз келмеді. Бүгін, шамалы демалыстан соң, сапарымыздың таулардан асу соңғы жолы барысын және Новолазаревская бекеті бізді қалай қарсы алғаны жөнінде әңгімелейік.

Сапарымыздың соңғы күні 200 шақырымнан сәл аздау қалған еді - жақын жол секілді, бірақ та жолымызды тау асулары бөгет қылып, қысқа жол қашық болып көрінді...

Тау асуларынан аса мұқиятпен өттік – ой мен қыр, қуыстан жартас ауысып отырды. Бір қатеден бүкіл жол кесілу қаупі аямыздан шықпады.

Новолазаревская жақындаған сайын күн ашылып келеді. Қысқа мерзім аялдама жасап, бір шинақ шайдан кейін, ақтық жолға бастық. Бекетке бір қарыс қалды– 45-ақ шақырым!

Мінеки, көкжиекте әуежай кескіні көрінді! Ура!

Шампанды бір-біріне шашырату Антарктида әдетінде жоқ! Оны жай ған ішу керек. Андрей Мюллерге осылай қошеметпен қарсы алғаны үшін алғыс айтамыз...

Сапарға аттанған қонақ үйіміз есіңізде бар ма? Мынау, біздің таңбамыз салынған оң жақтағы үйшік. Ал біз қарлы барқан, үстінде тұрмыз. Әуежайды қалыңдығы 10 метрге жететін қар басып қалыпты. Мұндай қарлы борандар 10-15 жылдан бері болмапты.

Заттарымызды жиып, азғантай тыныс алған соң, Володя ағайдың моншасын тамашалауға кірістік. Дайындап күтіп отыр екен. Экспедиция атынан Антарктиканың ең көрікті азаматына қазақтың тымағын сыйға тарттық. Енді қфтң аяз да, ызғар жел де түк те емес.

Тымақ пен «Қазақстан» коньягі Володя ағайдың қарамағындағы Антарктика мұражайының ең айрықша экспонаттары. Әлемнің түкпірлерінен келген қонақтарын тамсандырсын.

Ал біз туған жерге жол тартпақпыз. Бәрі ойдағыдай болса, жақын арада Алматының жылы шуақтарына шомылармыз.

Тікелей репортаждарды осылардан бақылап отырыңыздар:

Facebook
VK
Twitter