Туған елге ұшақ рейсін күтудеміз.

Қазақстан туы ақ континенттің 4600 шақырым мәңгі қар басқан сахарасынан желбіреп өтті!

ҚазГео 2 тәулік бойы ұйқы басуда. Бізді Ширмахер оазисіне жайғастырды. Новолазаревская бекеті тура алдымызда тұр. Мұнда бір саяжай секілді: -5-ақ градус. Әуежайда боран көтеріліп, ұшақ рейсі 23-желтоқсанға ауысты.

Қайсысын қалдырып, қайсысын алып кетер жүктерімізді реттеп жатырмыз. Біздің азық-түлік қорымыз енді Володя ағайдың қоймасына көшеді. Артылған азықты келесі саяхатшыларға қалдыру - барлық экспедицияларға тиісті ереже.

Кешке қарай J дискотекасы өткіземіз. Аппаратура дайын тұр.

Үйді сағындық, тума-туысқан, жора-жолдас жақындарымызды. Туған елдің әуендеріне толғанып отырмыз. Муз-Арт тобы, Қоразбаевтың өлеңдері, Ел Басының сөздері. Біздің байтақ елімізге не жетсін, халқымызға кңм жетсін! Осындай алшақта бұл сезімдер мың есе артады. Оңтүстік Полюс те оған бөгет болмайды екен. Бәріміз бір болсақ, қолымыздан келмейтін нәрсе жоқ. Бұл нағыз ақиқат. Алға Қазақстан! Алға!

Тікелей репортаждарды осылардан бақылап отырыңыздар:
Facebook
VK
Twitter