Антарктидада ермек құру

Кейптаунға ұшақ рейсін күту уақытын мүмкіндігінше қызықты өткізуге тырыстық. Айтпақшы, тағы бір жаңалық. Филателистердің назарына! Сіздерге Оңтүстік Полюстен қазақстандық маркалар ұсынамыз. Құны жоғары!

Маркаларды 16 желтоқсан күні, антарктикалық дауылда, жол үстінде дайындадық.

«Амундсен-Скотт» бекетінде осылайша конверттерге таңба бастық

Үлкен Жерден ұшақ келгенше асық ойнайық. Антарктикадағы алғашқы қазақтық асық чемпионаты! Ұтқанымыз ұшаққа бірінші болып аяқ басады.

12 асық. Бәрі ережеге сәйкес. Қан талапай маркермен боялған. Бәсеке қойыңыздар, Ханымдар мен мырзалар!

Мұныңыз Антарктика тәртіп сақшысы. Володя ағай қатаң сақшы ретінде.

Елге шығарып салуға біздің достымыз – теңіз қаратұмсығы Яшка да келіп қапты.

Осындай кварц кесектері Оазис бойы аяқ астында шашылып жатыр.

Тағы бір көңіл көтеретін көрініс – қорегіміз - май қосқан картоп.

Дастархан жайып күтіңіздер. Біз де таяп қалдық!
Тікелей репортаждарды осылардан бақылап отырыңыздар:

Facebook
VK
Twitter