Бізді 26 желтоқсан күні Астанада күтіңіздер!

26 желтоқсан күні таңғы 06:45-тк, Оңтүстік Полюске аттанған Тұңғыш Қазақстандық Экспедиция қатысушылары Астана әуежайына қонады. Антарктида саяхатшыларын қарсы алайық! Сіздермен жүздесуга асығамыз, достар!  Жақындарыңыз бен дос-жарандарға, әсіресе, Астанада болып қалғандарға хабар етіңіздер! Қолдауларыңызға көп рахмет! 

 

 Біздің Новолазаревскаяда ұзақ күткен ұшағымыз осы. Тиеліп жатырмыз. Кейптаунға 24 желтоқсанда, Астана уақытымен сағ 4:00 –де ұшуымыз тиіс.

 Ұшақтың іші біздің Антарктидаға ұшып келгендей сияқты…

 

Бірақ та бір зор айырмашылығы – салон ішінде Қазақстан туы тігілген. Енді осында мәңгі тұратын болды.

 

Ұшу кезінде алма, крекер, шоколад ұсынылды

 

Мінеки, Кейптаунға да келдік. Ауа райы тамаша +23. Антарктикадан кейін күн қайнап тұрғандай

 

Бізге тойлы дастархан жайылған екен.

Аспапты әуендермен қарсы алды

 

Кейптаун әуежайы. Абу-Дабиге жеткен соң, Астанаға бет аламыз.

 

Ал біздің дәрігеріміз бен операторымыз Василий Мозжухин Мәскеуге тартады. Жеткен соң, бірден біздің экспедиция жайында фильм түсіруге кірісу тиіс. Фильм ақпанда жарық көру тиіс..

 

Ал біз үй жаққа жөнелдік...

Бізді Астанада  26 желтоқсан күні Астанада күтіңіздер! Таңғы 06.45-те елге жетеміз. Сізердің қолдауларыңыз, әсіресе, қашықта мықты сезінеді екен, мың да бір рахмет бәріңізге.

Біздің сапарымыз аяғына келді, бірақ та бұл ҚазГео-ң соңғы саяхат емес. Бізді мына тұстан оқыңыздар    
— Қазақ Географиялық Қоғамының ресми сайтында
— Facebook http://www.facebook.com/kazgeokz,
— Vkontakte http://vkontakte.ru/kazgeo
—   http://kazgeo.kazakh.ru
—  http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo201

Facebook
VK
Twitter