«Оңтүстікке айда!» командасы

Абдуов Нұрлан

Президиум Төрағасы

«Мурманск – Владивосток 2008» жарысына қатысқан қазақстандық «Номад» командасының ұйымдастырушысы және басшысы;   

"Astana Challenge" жарысының қатысушысы, "Silk Road Rally - Дакар КЗ 2007" жеңімпазы. Бос уақытында спорттың экстремалды түрлерімен айналысуға әуес;

Қазақ Географиялық Қоғамының негізін қалаушы және басты қайраткері.

 

Мазбаев Орденбек

Ғылыми Кеңес Мүшесі

География ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай ат. ҚазҰПУ география-экология факультетінің деканы. Авто-мото және таулы-шөлді жаяу туризмінен тәжірибесі мол саяхатшы. Қазақстан бойынша 5000 км қашықтыққа өткен 1989 жылғы ССРО автомототуризм Чемпионатының қатысушысы.

5-санат күрделігі бойынша саяхат тәжірибесі; Бетпақдала шөлін және Орталық Тянь-Шянь тауларымен 2 500 км қашықтықты алғаш өту тәжірибесі;

ССРО Чемпионатының күміс жүлдегері; Таулы және жаяу туризмінің 1-3 – санат күрделігі бойынша тәжірибесі; Шоқан Үәлиханов маршрутымен саяхат,- -  2001 – 2011 ж.ж.; Жетісу өңірі бойынша «Атажұртқа саяхат» экспедициясы - 2008 ж.

Ғалым және турист. География, экология, педагогика және туризм салаларына қатысты көптеген ғылыми еңбектері мен жарияланымдар авторы.

 

Бодров Сергей

Зерттеу бағдарламалар Жобасының басқарушысы

Олимпиада резервтерін дайындау мекемесін бітірген, спорт шебері. Алматы Жоғары Әскери Академиясын бітірген.

Автоспортқа құмарлығымен танытады. Әйгілі Мурманск-Владивосток 2008 экспедициясының қатысушысы.  "Silk Road Rally 2008", "Кочевник  Трофи 2008" сайыстарының  жүлдегері. «Экспедиция Tрофи Золотой Теленок 2009»  жеңімпазы.

 

Константин Орлов

Зерттеу Бағдарламалар Жобасының басқарушысы

1993 жылы Әл Фараби ат. Қахақ Мемлекеттік Университетін бітірген. Маманы бойынша биолог.

Кәсіпкер штурман. 2000 жылдан бастап автокөлік спортымен шұғылданады. "Кочевник  Трофи " сайыстарының бірнеше рет жүлдегері атанған. «Тянь-Шань – Трофи 2005» жеңімпазы, Марокко 2007 Әлем чемпионатының қатысушысы, "Astana Challenge - Silk Road Rally" халықаралық ралли-рейдінің Т1 санатындағы жүлдегері, "Экспедиция Трофи 2008" (Мурманск - Владивосток) жарысына қатысушы, Команда құрамында спорт яхтасымен Балтық теңізін кезіп өткен.

Әуесқойлығы: сноуборд, снегоход, хоккей, аң аулау, балық аулау, саяхаттар.

 

Берік Баймағамбетов

Ғылыми Кеңес Мүшесі

1981 жылы С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университін бітірген, маманы инженер-гидрогеолог;

«Қазгидромет» РМК климат және су мәселелерін зерттеу Департаментінің қызметкері;

Қазақстанның Орталық және Оңтүстік-Шығыс аймақтарының сулы нысандарын зерттеу бойынша түрлі экспедицияларға қатысқан;

2007 жылы «Акадаемик Федоров» ғылыми-экспедициялық кемесіндегі 52-ші маусымдық топ құрамындаа Ресейлік Антарктика Экспедициясына қатысқан;

Көп жылдар бойы «Казгидромет» РМК-ң гидрологиялық қызметін басқарып, Қазақстан шекаралық өзендер мәселелерімен айналысуда. Қытай және Ресей елдерімен шакаралас өзендерін пайдалану және қорғау бойынша мемлекетаралық комиссияларының сарапшысы ретінде қызмет атқарады;

Сел тасқындары және су қорлары жайындағы ғылыми еңбектерінің иесі;

 

Василий Мозжухин

Экспедицияның медициналық жабдықталу және фото-видео бейне түсіру мәселелеріне жауапты қатысушысы

Санк-Петербург мемлекеттік медицина академиясының хирургия факультетін бітірген. 2004 жылған дейін хирург мамандығында еңбек істеген;

1996-2003 жылдар аралығында жер бетінің әр түкпірінде өткен саны 50-ден астам қайықты экспедицияларға қатысқан (Норвегия, Мексика, Лаос, Доминикана, Африка континенті, Орталық Азия, Алтай, Кавказ);

2003 жылы Мескикадағы 25 метр су құламасынан асып өту тобының қатысушысы;

«Русский экстрим» бағдарламасының операторы және үнемі қатысушысы;

2004 жылдан бастап қазірге дейін спорт және география тақырыбындағы фильмдерінің режиссер-операторы. Жобалары көптеген елдер мен жер алқаптарына таралған: Африка және Европа, Оңтүстік және Орталық Америка, Жаңа Зеландия мен Фиджи, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Тува мен Монғолия және басқа елдер мен аймақтар.

 

Эйолфур Мар Тейтссон

(Eyjolfur Mar Teitsson, Исландия)

Экспедицияның автотехникалық жабдықталу мәселелеріне жауапты қатысушы.

Эйо - Қазақ География Қоғамы командасының механигі; Мамандығы – менеджер-механик; Көп жылдар бойы автокөліктерді қатал жағдайларға бейімдеу, қайта құру шараларымен айналысады; 2010 жылы елу-алпыс градус суықтықта өткен Үндістан экспедиция саяхатына қатысқан;

 

Facebook
VK
Twitter