Журналистер мен фототілшілер арасындағы Көркемшілік Байқау сайысы

 

Қазақ Географиялық Қоғамы және Журналистер Одағы 2011 жылдың қазан – желтоқсан айлары мезгілінде журналистер мен фототілшілер арасында Қазақстан жайындағы үздік материалдарға арналған Көркемшілік Байқау өткізді.
 
Көркемшілік Байқау қарауына Қазақстан табиғаты, тарихы, географиялық, көркем- өнер және экология салаларындағы қызметімен қазақстандық ғылым, өнер және қоршаған ортаны сақтау науқанында зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар мен қарапайым адамдар жөнінде жасалған еңбектер қабылданды
 
Көркемшілік Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілген болатын:
  1. Қазақстан табиғатына арналған ең үздік фотоматериал ;
  2. Қазақстан табиғаты мен географиясы жөнінде жазылған ең үздік мақала - қазақ және орыс тілдерінде ;
  3. Қазақстан мәдениет - өнері жайындағы ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде;
  4. Экология жайындағы ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде;
  5. Тарихи материалдарға сүйенген Қазақстан тарихы мен этнографиясы жөніндегі ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде –Қазақстан тарихы, географиясы, көркем-өнері мен экологиясы жөнінде жасалған ең үздік теледидарлық жоба – қазақ және орыс тілдерінде;
  6. География, тарих, көркем-өнер және экология тақырыбында жасалған ең үздік жаңалықтар сюжеті – қазақ және орыс тілдерінде;
Көркемшілік Байқау сайысына Қазақстанның басылым және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен фототілшілері қатысты.
 
Көркемшілік Байқауға 2011 жылы бойы басылымда және эфирде жарияланған материалдар қабылданған болатын.
 
Өткізілген Байқау жеңімпаздары Қазақ Географиялық Қоғамы және Қазақстан Журналистер Одағының дипломдарымен және ақшалай жүлделермен марапатталды.

 

Facebook
VK
Twitter