Нұрлан Абдуов

Қазақ Географиялық Қоғамы Президиумының Төрағасы

Қадірлі достар!

Қазақ Географиялық Қоғамының ғаламтор бетінде жолдаған сәлемдемемді қабыл алыңыздар!

Сөзімнің алдында, біздің жобаларға білдірген зор назарларыңыз бен көрсеткен қолдауларыңыз үшін мың да бір алғыс айтқым келеді. Біздің бүкіл әрекетіміз ғылыми ағарту істерін байыптауға, қызықты саяхат-сапарға мол, белсенді және салауатты тірлік жасау насихатын жүргізуге бағытталған. Оңтүстік Полюске бет алатын ғылыми экспедиция біздің алғашқы ауқымды жобамыз. Сонымен қатар, Қоғамның жүзеге асыратын басқа да шаралары баршылық. Істерімізге көпшіліктің шынайы қызығушылық танытуы және оларға ат салысуға білдірген ниеттері айқын көрінеді. Бұған деген ризашылығымызды жасыра алмаспыз.

Толығырақ

Қоғам қатарына кіруді қалайсыз ба?

Бүгін біз Қазақстан ғылымы, экологиясы, тарихы мен мәдениетін қадір тұтушылардың барлығын Қазақ Географиялық Қоғамына қосылып, жобаларымызға қатысуға шақырамыз.

Қоғам қатарына кіруге сұраныс беріңіздер

Жаңалықтар
БАҚ біз туралы
Блог
12.08.13

«Тойқазан » атты халықаралық фестивалі

«Тойқазан » атты халықаралық фестивалі

14 қыркүйекте Іле Алатауы тауы етегінің табиғаты әсем көрікті аймағы әлемдегі сиқырлы хош иістерге толады ! Алматы облсының Талғар ауданының «Алатау» спорт кешенінің аймағында қазақтың ұлттық тағамдарына арналған «Тойқазан » атты халықаралық фестивалі өтеді.

16.08.12

Испаниядағы Кафедралық Шіркеулер сужаясы

Испаниядағы Кафедралық Шіркеулер сужаясы

Испаниядағы Рибадаео қаласынан 10 км жерде (Галисия автономдық қауымы) Еуропаның ең саялы және ғажайып мекендерінің бірі Praia de Augas Santas - Қасиетті су жаясы орналасқан.

08.08.12

Тас толқыны.

Тас толқыны.

Америка батысында, Аризона және Юта штаттарының шекарасында, Койота Бют тауларының бөктерінде Тас толқыны деген архитектуралық табиғи ескерткіші орналасқан

03.08.12

Алматыдан «Қазақстан аңыздары» тұңғыш автоэкспедициясы аттанады

2012 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыдан «Қазақстан аңыздары» Автоэкспедициясы аттанады. Экспедиция маршруты Қазақстан табиғатының әсем көркін және ғажайып түпкірлері арқылы өтеді, ал оның жалпы қашықтығы 10 мың км шамасын құрайды.

29.02.12

ҚазГео жаңа жобалары

ҚазГео жаңа жобалары

29.02.12

Журналистер мен фототілшілер арасындағы көркемшілік байқау сайысының қорытындылары

Журналистер мен фототілшілер арасындағы көркемшілік байқау сайысының қорытындылары

22.08.12

Альпинистердің оралуы

Достар, біздің альпинистерді құттықтауға асығыңыздыр! Ең кұрделі Орталық Тән Шән маршруттарын асуға аттанған ҚазГео техникалық альпинизм экспедициясы қайтып оралды.!

07.08.12

Бүкіл әлемге Азия жүрегінің үндеуі

2012 жылдың жаз шағында Қазақстан атағы екі бірдей жер континентінде дүркін етті. Лондондағы Қазақстан құрамасының алтын жүлделерінің жарығы атып жат0анда, ғаламшардың басқа шетіндегі Лос-Анжелес қаласында «Қазақстан – кинофильмдер бейнетізбегі» кинофестивалі қадамын басты

06.08.12

Экспедиция жалғасуда

Бүкіл әлем назары Лондон Олимпиадасындағы қазақстандық спортшыларының жоғары нәтижелерін бағалап отырған кезде, Тән Шән тауларында ҚазГео техникалық альпинизм командасының экпедициясы өз сапарын жалғастыруда. Жігіттерден жаңа ғана келген жаңалықтар мен фотобейнелерімен танысыңдар.

Бізге қосылғыңыз келе ме?

Біз серктестікке әрдайым дайынбыз және ашықпыз!

Қазақ Географиялық Қоғамы ғылым әлеміне, саяхат жасауға қызығушылық білдірген ғалымдар мен әуесқой жандарды біріктіретін, коммерциядан тыс қоғамдық ұйым. Қазіргі таңда, біз сіздермен бірге келешек ұрпақтарға нәсіл болып қалатын мұрағат іргетасын қалап, ой өрісін кеңейтуде жаңа мүмкіндіктер ашудамыз.

Біздің негізгі мақсатымыз – қазақстандық ғылым салаларын, экологиясы мен мәдениетін өркендету. Егер де ниеттеріңіз ортақ болса, сіздерді қатарымызға қуанышпен қарсы аламыз. Біздің ұстаған қағидамыз – белсенділік танытып, іске адал болу.

ҚГҚ-ң ІС ЖҮЗІНДЕГІ МҮШЕСІ БОЛУ

Қоғамның іс жүзіндегі мүшесі болып, айлық мүшелік ақы өтеуімен, сіз, конференцияларға, географиялық экспедицияларға қатысуға, жарияланымға арналған ғылыми-методикалық материалдарды ұсынуға және оларды басым хақы тәртібімен алып отыру мүмкіндіктеріне ие боласыз.

ҚГҚ-ң ЕРІКТІ ӨКІЛІ БОЛУ

Қоғамның ерікті өкілі болып,сіз, конвенттері мен экспедицияларын ұйымдастыруға және жолдастырыңызды тартуға, сонымен қатар, Қоғам жаңалықтары мен оқу-методикалық материалдарын алып отырып, Қоғам қызметіне қатысты ұсыныстар жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

ҚГҚ-ң ЖАЗЫЛЫСУШЫСЫ БОЛУ

Қоғамның жазылушысы болсаңыз, өз жолдастарыңызды тартып, Қоғамның материалдарына Ғаламторда сілтеу жасауға, және Қоғам өткізетін шаралар мен байқауларда қатысуға мүмкіндік аласыз.

ҚГҚ-ң жалпы ережелері

Қоғамның іс жүзіндегі мүшесінің құқықтары мен міндеттері:

Қазақ Географиялық Қоғамының (әрмен қарай атауы «Қоғам») іс жүзіндегі мүшесінің құқықтары:

  • Қоғам атқаратын барлық шараларына қатысу (экспедициялары, конференциялары және т.б.);
  • Қоғам қатарына мүшелерінің кіру және шығу мәселелерін еркін шешіп отыру;
  • Қоғамның басқару органдарының қатарына тағайындау және өзі де тағайындалу;
  • Қоғамның Құрылтайына қатысу жолымен Қоғам қызметі мәселелері жөнінде өз ұсыныстарын беру;
  • Қосымша қаржы өтеу және Қоғам өткізетін шараларына шамасы келгенше қолдау жасау;
  • Белгіленген тәртіп бойынша Қоғам иелігіндегі ғимараттарын, құрал-саймандарын және басқа мүліктерін пайдалану;
  • Қоғам шығарған оқу-ағарту, ғылыми-методикалық және басқа материалдарын басым хақымен алып отыру;
  • Қоғамның басқару және басқа органдарынан Қоғам қызметі жөнінде мәлімет алып отыру.

Қоғамның іс жүзіндегі мүшесінің міндеттері:

  • Жарғының талаптарын және Қоғам басшылық органдарының шешімдерін орындау;
  • Қоғамның жарғылық мақсаттары мен мүдделерін қорғау, насихаттау және олардың орындалуына белсенді түрде ықпал ету;
  • Қоғамның материалдық базасын нығайтуға ықпал ету, шамасы келгенше материалдық қолдау жасау, мүлігін мұқият сақтау;
  • Қоғам қызметіне жаңа мүшелерді тартуға ат салысу;
  • Қоғамның атқарған іс-шаралары мен акцияларына белсенді қатысу;
  • Мүшелік кіріс және ағымды ақыларын дер кезінде өтеп отыру.

Мүшелік төлем ақы айына тенге құрайды.

Байланыс телефоны:

Қоғамның еркін мүшесінің құқықтары мен міндеттері:

Қазақ Географиялық Қоғамының еркін мүшесінің құқықтары:

  • Қоғамның басқару және басқа органдарынан Қоғам қызметі жөнінде мәлімет алып отыру;
  • Қоғам шығарған оқу-ағарту, ғылыми-методикалық және басқа материалдарын басым хақымен алып отыру;
  • Қоғам қызметі мәселелеріне қатысты ұсыныстар жасап отыру;
  • Қоғам шараларына қатысып отыру;

Қоғам еркін мүшесінің міндеттері:

  • Өз еркімен, ақысыз негізде Қоғамның дамуына шамасы келгенше жан-жақты қолдау көрсетіп отыру;
  • Қоғамның жарғылық мақсаттары мен мүдделерін қорғау, насихаттау және олардың орындалуына белсенді түрде ат салысу;
  • Қоғамға шамасы келгенше материалдық қолдау көрсетіп отыру;
  • Жарғының талаптарын және Қоғам басшылық органдарының шешімдерін орындау;
  • Қоғамға өз жайында дер кезінде мәлімет беріп отыру (жұмыс орыны ауысу, өзіндік және байланыс мәліметтерінің өзгеруі жөнінде)

Жазылушының құқықтары мен міндеттері:

Жазылушының құқықтары:

  • Қоғам жаңалықтары мен жаңартуларын электрондық поштасына алып отыру;
  • Жолдастарын шақырып, Қоғам жарияланымдарына сілтеу жасап отыру;
  • Қоғам шараларына және викториналарына қатысып отыру (Қоғам өткізетін шаралар мен байқауларға тек ҚазГео жазылушысы ғана қатыса алады).
Мен ереже баптарына келісемін

Тіркеуді жалғастыру

Тіркелім мәліметтерін толықтырыңыз

Есіміңіз кім болады:

Байланыстары:

Кәсібіңіз:

Туу күні:

Жынысы:

Қоғамдағы
қалаған
қызметі:

Ұйымдастырушылық
Демеушілік
Фототүсірімдер
Журналистика
Ғылыми
Жобаларға қатысу
Видеотүсірімдер
Ақпараттық қолдау

Қызмет атқару мезгілім:

Тұрақты түрде
Аптасына екі рет
Аптасына бір рет
Айына бір рет
Тұрақсыз
Мен Қоғам жарғысы баптарымен келісемін