Бір кездері бұл жерлерде өзінің бай-қуаттылығымен танымал болған, Балқаш деген сиқыршы өмір сүрген екен. Оның жалғыз Іле атты қызы ең бай жігіттің қалыңдығы болу қажет еді. Сиқыршы Балқаш аталған күні өзінің ойынан шығатын, лайықты болатын, әлемнің әр жерінен ең үздік үміткерлерді жинап алады. Өз мүмкіндіктерін жіберіп алмау үшін, қуатты Қытай императорының ұлдары, айбынды Моңғол ханы және Бұқараның ауқатты саудагерлері келеді. Олардың сұлу Ілеге арнап әкелген сыйлары жас күйеу жігіттердің шынайы ниеттерінің көрсеткіші. Бірақ, қалыңдықтың көңілі ешбір тиынсыз келген қарапайым бақташыға ауады. Сол қарапайым жігіттің есімі Қаратал болған, ол да сол бәсекелестікке қатысып, жеңімпаз атанған. Қалыңдықтың әкесі ұятқа қалмау үшін жігітті қуып жібереді. Сол кезде қыз да әкесінің қалауына қарсы шығып, түнде өзі таңдаған жігітпен үйден шығып кетеді. Оны естіген сиқыршы қашқындарды сиқырлап қояды. Сиқырлағаны соншалық, Іле мен Қаратал толықсыған өзенге айналып кеткен екен. Суға айналып кетсе де, ғашықтар таудың баурайынан бір біріне қарай асыға ағады. Әкесінің ашуы басылмай, сол екі өзеннің ортасына үлкен көлге айналып кетеді. Дегенмен, соңында ғашықтар бір бірімен Балқаш көлінде қосылған екен.