АМАНДАСУ

Нұрлан Абдуов

Қазақ Географиялық қоғамының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Сіздерге Қазақ географиялық қоғамының ғаламтор-парақшасында амандық тілеймін. Алдымен, жобаларымызға танытып жүрген қолдауларыңыз бен қызығушылықтарыңызға алғысымды білдіремін. Біздің барлық жасалып жатқан жұмысымыз ғылымды, белсенді өмір салтын, саяхат пен қызық оқиғаларды дәріптеуге бағытталған. Оңтүстік полюске барған экспедиция – біздің алғашқы ірі жобамыз және де соңғысы емес. Біздің бастамамызға танытып жатқан қызығушылықтарыңыз бен оларға қатыссам деген үлкен қалауларыңыздың шынайы екенін көріп тұрмын. Осының бәрі бізді қуантып, әрмен қарай нәтижелі жұмықа кірісу үшін жігерлендіреді.

Мен барлық қалаушыларды қазақ географиялық қоғамының жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын. Алда біздің атқаратын қызметіміз өте көп. Егер сіздер біздің экспедицияларға қатысқыларыңыз келсе немесе география, мәдениет, этнография, экология, тарих, археология, туризм мен спорт салаларына қатысты бізге айтар ұсыныстарыңыз бен жобаларыңыз болса — онда, біз бір-бірімізге қажеттіміз. Бізге сіздердің түрлі әдістермен: ақылақтық, кәсіби, қаржылай (демеушілік) жағынан көмектеріңіз қажет.

Біз сіздерді жас және жағдай, жыныс, тері түсінің немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, өз қатарымыздан қуана көргенімізді қалаймыз. Егер бойларыңызда тәуекелге бел бууға, ерікті түрде іске кірісуге, ашылымдарға ұмтылуға, білуге құмарланып тұруға, сол үшін күшіңізді, біліміңізді және қабілеттеріңізді салып ерең еңбек ете алатын асқақ рухыңыз болса -  бізге қосылыңыздар.

Өкінішкеорай, біздің қаржы жағынан шамамыз шексіз емес. Түсіністікпен қарайсыздар деген ойдамын. Біздің ынтымақтастығымыз, ең алдымен, қаржылай табысты емес, ал қарапайым адами қуаныш пен бірігіп жасаған істен алған ләззат сезімді көздейді. Сөйтіп, біз еліміздің қоғамдық өміріне, жалпы біздің республикамыздың дамуына недәуір үлесімізді қоса аламыз.

Әлбетте, сіздер жобаларымызға қосылу арқылы өзіңізді жақсырақ, қуаттырақ ететін тәжірибеге және мақтаныш сезіміне ие боласыздар. Кез келген өтіштеріңіз бен ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз, сұраныстарыңыз бен жай сәлем берулеріңіз info@kazgeo.kz электронды поштасына жіберсеңіздер болады.