«Қазақстан аңыздары» Автоэкспедициясы

                                        

 2012 жылдың 17 қыркүйегінде Алматыдан «Қазақстан аңыздары» Автоэкспедициясы аттанады. Экспедиция маршруты Қазақстан табиғатының әсем көркімді және ғажайып өңірлері арқылы өтіп, жалпы қашықтығы 10 мың км шамасын құрайды.

  

Автожорықты ұйымдастырған Қазақ Географиялық Қоғамы, Volkswagen сауда маркасымен шыққан Компания MERCUR AUTO және Kino Park кинотеатрлар тізбегі.

Жобаға қолдау көрсеткендер Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі қарамағындағы туризм Комитеті, Қазақстандық туристік ассоциациясы және Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің география Факультеті.

 
 
Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан табиғи байлықтарын және тарихи нәсілдерін  насихаттау арқылы қазақстандықтардың бойында Отан сүю сезімін көтеру болып табылады. Сонымен қатар, экспедиция ұйымдастырушылары өз алдына еліміздің саяхаттану потенциалын ішкі және сыртқы аудиторияларға ашып беру мақсатын да қойып отыр.
 

Жорық автокөліктері:
Terrain Tech пакетімен шыққан VW Touareg 3.0 TDI жайлы және сенімді жолтөзім көлігі;
Off Road пакетімен шыққан VW Amarok 2.0 TDI сенімді  жоғары жолтөзімді автокөлігі;

 
 

Әр күн сайын online режимінде экспедиция ұйымдастырушылары мен серіктестері сайттарында, әлеуметтік торлардың беттерінде, медиа жаңалықтары тізбектерінде келесі ақпарат деректері орналастырылады

  • оқиға орнынан түсірілген фото және видео бейнелері;
  • алдыңғы әйнектен көрінген көзге үйренішті және беймәлім пейзаждарды ерекше көзқарасты баяндамалар;
  • саяхат барысы жөніндегі ықшамды және жарқын суреттемелер;


Түсірілген видеобейне  материалдардан іріктелген фильм жиналып, видеороликтер жасалынып, әрмен қарай олар KINOPARK кинотеатрлар тізбегі бойынша бүкіл Қазақстан аймақтарында көрсетіледі.

Экспедиция нәтижелері негізінде өткен жол тегжейлері мен ерекшеліктерін және маршрут бойын сипаттайтын фотоальбом әзірленеді.

Автоэкспедиция дайындығы мен іске асырылу жайындағы ақпарат, фото және видео материалдарымен қоса, автожорықты ұйымдастырушылары мен серіктестестерінің ғаламтор-ресурстарында орналастырылады:

www.kazgeo.kz,

www.mercur-auto.kz,

www.facebook.com/kazgeokz,

www.facebook.com/mercurauto

және экспедицияның Facebook беттерінде: www.facebook.com/legendsofkazakhstan

«Қазақстан аңыздары» Автожорығының Баспасөз Орталығы

тел: +7 727 329 85 67, +7 707 218 36 73

e-mail: autoprobeg2012@gmail.com, kmalik@mail.ru