«Жас саяхатшы» ҚазГео балалар лагері

Қазақ Географиялық Қоғамы әйгілі қазақстандық альпинисті Мақсұт Жұмаевпен бірлестікте әзірленген жаңа жобасын ортаға салады. ҚазГео Жас Саяхатшылар Лагері жобасы жасөспірімдік туризмді дамытып, елдің салауатты, қайратты және белсенді жас ұрпағын өсіру мақсатына бағытталған.

                  

Лагерь құрудың негізгі идеясы – жас ұрпақты қалалық ортадан алшақ жерде туған өлке табиғатымен жақындастыру.

Лагерьде болған жас саяхатшылар табиғи ортаның қалыптасқан күйін бұзбай, өркениетке үйренішті қалпынан тыс жағдайда өзара еркін араласып, бойы мен ішкі дүниесін шынықтыруға мүмкіндік алады.

    

Бір маусымдық кезеңде лагерь тұрағында әрқайсысы 20 бала құрайтын жасы бойынша іріктелген 4 топ құрылады. Жасөспірімдердің жастық шамасы 8-ден 16-ға дейін. Қолдарында міндетті түрде дені саулығын растайтын медициналық анықтамасы болу қажет.

Лагерьде тәулік бойы жоғарыкәсіпті мамандар тобы жұмыс істейді - әр отрядта тәрбиеші, инструктор, шаруагер қызметшісі және.осыларға қоса дәрігер маманы қызмет атқарады. Лагерь қызметкерлерінің бәрі де рация құралдарымен жабдықталған.

Лагерь алдыңғы қатарлы, экологиялық жағынан таза құрал-саймандарымен қамтамасыз етілген.

Төрторындық екіқабат тартылған шатырларда екі адамнан тұру көзделген. Шатырларда ішінде әр тұрғынға арналған жайылма төсек-орын, каримат-төсеуіш және мақта салынған жеке ұйқықабы, сонымен қатар жиылатын орындық бар. Шатырлар қосымша жайғасу ыңғайын беретін әскери тормен қапталған.

Тұрақ алқабында лагерлік шаралар өткізу мақсатында арнайы Аңғар орнатылған. Телім бойында дала орындықтары мен жатқыш гамактар да бар.

Лагерь көлігі қатарына 2 Yamaha квадроциклы, бір Кунг та кіреді.  

Шымбұлақ саяжайында орналасқан «Терасса» мейрамханасында бесмерзімді тамақ асы беріледі.


Оны алу үшін қажет нәрселер:

  1. баланың туу жөніндегі куәлігі;
  2. ата-анасы біреуінің жеке куәлігі

Жолдама ақысы 45 000 тенге. Сақтандыру полюсі жолдамаға кіреді.

Қосымша ақпарат байланысы тел.: 8 (727) 329 77 92