Оңтүстікке айда!

Экспедицияның ғылыми бағдарламасы

Қазақ Географиялық Қоғамының Оңтүстік Полюске бағытталған экспедициясының ғылыми бағдарламасы

Жоспарланған қызмет атауы (түрі):

  1. Оңтүстік Полюс бағытындағы маршрутының метеорологиялық бақылауларын орындау. Өлшемдік тізбегін жасау (алты негізгі өлшемдер): ауа температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты, және т.б.  
  2. Қарлы-мұздық қабаты мен ауалық бассейн қалыпының экологиялық күйін тексеріп, әрмен қарай зертханалық жағдайдағы зерттеу жұмыстарына жіберу;
  3. «Новолазаревская бекеті – Оңтүстік Полюс» маршруты бойындағы қарлы-мұзды қабатының көлденең кескінін анықтау мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізу (алғашқы рет).
  4. Құрлықтық мұз қабатының қалыңдығын анықтау;
  5. Радиациялық жағдайының өлшемдерін жасау;
  6. Жұмыс атқаратын полярлық бекеттер тұрмысын қамтамасыз ету жағдайларымен танысу;
  7. «Новолазаревская» полярлық бекетінде ресейлік ғалымдарымен бірлескен жұмыстар атқару. Антарктида теңіз асты телімінің экологиялық жағдайын зерттеу, фото-видео материалдарын жинау;
  8. 1911 – 2011 жылдар аралығындағы климат өзгеруінің салыстырмалы қалыпын зерттеуге бағытталған материалдар жинау;
  9. Жергілікті жағдай қалыпын зерттеп, Антарктида құрылығында Қазақстандық ғылыми бекет орнату мақсатында тиісті ұсыныстар тізімін дайындау;
  10.  Антарктида бойынша халықаралық Келісімге Қазақстан Республикасының қосылу мәселесін қарастыру ықпалында қажетті материалдарды зерттеп дайындау;  

Қызмет нәтижесіндегі күтер үміттеріміз:

  1. Антарктида жайындағы экологиялық, мето-климаттық және басқа мәліметтер жинағы;
  2. Фото-видео материалдар жинағы;
  3. ҚР Үкімет тарапына Антарктикада Қазақстандық гидрометеорологиялық ғылыми бекет ашу жөнінде ұсыныс өтеу;
  4. Антарктика бекеттеріндегі әр жылдарда қызмет атқарған қазақстандықтар жайында көркем бейнелі фотоальбом басылымын шығару;

Оңтүстік Полюске автокөлікпен жету бойынша рекорд қою жетістігін орындау (алғашқы рет) Атқарылған іс.