Қазақстанда кен өндіруші және өңдеу өнеркәсібі дамыған және соңғы бес жылдың ішінде бұл сала қарқынды даму үстінде. Ірі өнеркәсіб объектілері құрылып, іске қосылып жатқандықтан, жалпы Қазақстан бойынша ауа ластанып, экологиялық ахуал нашарлап кетті. Республикамызда соңғы жылдарда жиырма миллиард тоннадан астам қоқыс жиналған және олардың үштен бірі уытты болып саналады. Бұл қалдықтардың негізгі бөлігі – тау кенін өндіру және өңдеу өнеркәсібінің, қара металлургияның, мұнай-химиясының, құрылыс материалдарын өндіру салдарынан пайда болған. Ірі компаниялар мен үкіметтің ауаны ластайтын себептеріне қарсы жүргізіп жатқан бағдарламаларына қарамастан, Қазақстанның экологиясы әлі де мемлекет пен қоғамның бірігіп атқаратын күшін талап етеді.
Көмірсутекті өндіру барысында табиғи және ілеспе газды кәдеге жарату үлкен мәселе болып табылады. Ілеспе газ шырақтарда жанғанда азот тотығын, күкірттің еселенген тотығын, қара күйені ауаға шығарады.
Қазақстанның қалаларында ауаны негізі авто көліктер ластайды. Қолданылып жатқан жанармай сапасының төмен болуы және пайдаланылған газды тазартатын сүзгілердің болмағаны, автошаруашылықтың жылжымалы құрамының нашар жағдайы, қалаларда автокөліктер санының көбеюі ауаға көміртек тотығының, қорғасынның және басқа да зиян заттардың шығарылуына әкеп соқты.
Негізгі ластағыш заттар – бұл шаң, күкірттің еселенген тотығы, азот тотығы, көмірсутектер, фенол, қорғасын, күкіртсутектер, хлор сутегі, аммиак және т.б. Осы заттардың әрқайсысы өздігінше денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Егер ауада ластағыш заттардың бірнеше түрі болса, әдетте солай болады, олардың жағымсыз салдары күшейе түседі. Осының бәрі иммундық жүйеге әсер беріп, көбінесе онкологиялық ауруларға шалдықтырады.
Биосферамыздың күйі тек Қазақстан тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар Қазақ Географиялық Қоғамын толғандыратын еліміздің бірегей жануарлар әлеміне де әсерін тигізеді. ҚазГео қолынан келетін барлық көмегін, шынымен де Қазақстан экологиясын зерттеуге және жақсартуға бағыт алған және нәтиже беретін жобаларға демеуін аямайды.
Қазақстанның табиғи әсемдігін сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыратын барлық әрекеттер, қоршаған айналамызды жақсартатын барша ниеттер Қазақ Географиялық Қоғамының ерекше назарына лайық.