ҚОҒАМ

«Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымы, география мен сяхатқа қызығушылық танытқан бір топ пікірлес адамдардың бастамасымен 2010 жылы құрылған.

Біздің негізгі мақсаттарымыз:

  • Географиялық және табиғат пен қоғамды зерттейтін сабақтас ғылымдардың дамуына септігін тигізу.
  • Ғылыми жетістіктерді насихаттау.
  • Ғылыми нәтижелерді тәжірибеге енгізіп, олардың таралуына жәрдемдесу.
  • География және білімнің іргелес салаларында ғылыми шығармашылықты дамыту.
  • Дүниетанудың тәсілі ретінде саяхаттауды дамытуда көмектесу.

Сол себептен біз келесі шараларды жоспарлаймыз:

  • Түрлі сипатта, соның ішінде халықаралық деңгейде де экспедицияларды ұйымдстырып, ұйымдастыру шараларына қолдау көрсетіп, оларды өткізу.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • Баспадан шығару жұмыстарын қолға алу, оның ішінде кітап мен картографиялық заттарды баспадан шығару.
  • Экспедициялар мен саяхаттардың, сондай-ақ фото және бейнелердің  байқау-сайыстарын жүргізіп отыру.