Тарих – әрқашан даму үстінде болып жатқан, ең алдымен, дүниенің өткен шағын ашып көрсететін ғылым. Азаматтары  белсенді түрде қатыспаған, тарихтан алынған сабақтарға ойы терең шомылмаған қоғамның сәтті даму жолы болмайды. Өйткені, қазіргі шақ пен келер шақ өткеннің тарихына негізделгендіктен, динамикалық даму күші алға итермелейді. «Тарихсыз халық болмайды»,- деген атақты максима бекерге айтылмаған.

Тарихи тәжірибені зерделеу тарихи сананы, мәдениетті, дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырады. Тарихтың көмегімен біз қазіргі заманда болып жатқанның ауқымын түсініп, ондағы болашақтың өскінін байқап, адамның өркениет деген ерекше құбылыс екенін, қазіргі заманның жаһандық мәселелердің диалектикасын түсінуге негіздеме болады.

Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың маңызды бір бөлігі болып табылады, сол себептен жастардың тарихи санасын қалыптастыратын бірден бір әдіс - оны оқып білу.

Қазақтар түркі халықтарына жатады және олардың арасында саны жағынан төртінші орында, дүние жүзінде  жер көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Қазақтардың ата-бабалары күрделі тарихи жолдардан өтіп, тарихта түрлі этнонимдермен танылған. Өзінің ұзақ тарихында қазақтар әлемдік өркениетке лайықты үлестерін қосты. Бүгінгі таңда Қазақстанның тарихи ғылымының алдында орасан зор, әрі жауапты міндеттер тұр. Ол халықтың тарихи санасын және ақиқат көзқарастарын қалыптастыру тиіс.

Тарихтың едәуір талаптарының бірі қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу болып табылады. Өз кезегінде, қазіргі заман қоғамы өткенін білмей, тарихи санасын қалыптастырмай тұрып отаншылдыққа қол жеткізе алмайды. Сол себептен, қазіргі таңда тарихты шындығымен үйреніп, қабылдап және көпшілікке түсіндіріп жеткізу маңызды болып тұр.

Осыған орай, Қазақ Географиялық Қоғамы Қазақстанның тарихи ғылымдарының дамуына демеу көрсетудің маңыздылығын түсіне отырып, барлық ғылыми орталармен, трихшылармен, археологтар және этнографтармен ынтымақтасып жұмыс атқаруға дайын.

Әсіресе бізді қазақ хандығының қалыптаса бастауы, Алтын Орда кезеңі жайлы жұмыстардың кеңінен таратылуы қызықтырады. Біздің тарихымызда және этнографиямызда қалған «ақ таптардың» тек ғылыми және ақиқатты тәсілдермен ашуға бағытталған жобаларды демеп жіберуге дайынбыз.