Қазіргі таңда қоғамның құрылымында келесі бөлімшелері бар:
-
Қоғам Төралқасы
-
Ғылыми кеңес
-
Тексеру комиссиясы
-
Қамқоршылық кеңесі
Осы бөлімшелердің құрамына Қазақ Географиялық Қоғамының нақты мүшелері ғана сайлануға құқықты.
Төралқа
-
Құрылтайда, қамқоршылық және ғылыми кеңесте шешілген сұрақтардың орындалу жұмыстарын ұйымдастырады.
-
Төралқа төрағасымен бірігіп төралқа төрағасының орынбасарларының қызмет бағыттары мен олардың қызметтік міндеттемелерін анықтайды.
-
Шетелдік географиялық қоғамдарымен, басқа да халықаралық ұйымдармен байланыстарды жүргізіп, біріккен іс-шараларды атап өтуге дайындалады.
-
Бөлімшелердің қоғам қатарына мүшелерді қабылдау және қатардан шығару жайлы шешімдерді бекітеді.
-
Ғылыми конференцияларды шақырады.
-
Кітапхана және мұрағат жұмысының толымдау мәселелерін қарастырады.
-
Құрылтай тапсырған түрлі сұрақтарды шешеді.
Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес келесі сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды:
-
Сараптау комиссиясының құрамын, соның ішінде еңбектері үшін, медаль, сыйлық, құрмет грамотасын талап еткен жұмыстарды қарастыратын сыйақы бойынша комиссиясын бекітеді.
-
Медаль, сыйлық пен құрмет грамоталарына лайықты тұлғаларды қамқоршылық кеңесіне ұсыну.
-
Бірлестіктің Құрметті Мүшесі атағына лайықты тұлғаларды құрылтайға ұсыну.
-
Қзақстан Республикасының үкіметі, шет елдердің үкіметі, сонымен қатар ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы және басқа да ұйымдар мен мекемелер тағайындаған сыйақы, сыйлық пен құрмет грамоталарын алатын тұлғаларды қолдап, оларды ұсыну.
-
ҚР Ұлттық Ғылыми Академиясының және басқа да академиялардың мүшелігіне сайланатын тұлғаларды ұсыну.
-
Қоғам жарғысына сай түрлі мәселелерді шешу.
Тексеру комиссиясы
Тексеру комиссиясы қоғамның қаржылай-шаруашылық қызметін және бақылау қызметін атқарады. Тексеру комиссиясы құрылтаймен сайланады. Тек тексеру комиссиясының құзырлығына кіретін сұрақтарды және құрылымын, өкілеттігі мен міндеттерін құрылтай анықтап, төралқа төрағасымен бекітіледі.
Қамқоршылық кеңес
Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері:
-
Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін қоғам басшылығына көмек көрсету.
-
Қоғамның жарғы бойынша мақсаттарына қол жеткізу және ұйымдастыру шараларына демеу болу.
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай әртүрлі іс-шараларды жүргізу.