Жорық маршруты
Автожорық барысында экспедиция қатысушылары (жалпы саны 60 адам) аты шулы Touareg және Amarok жолтөзімді көліктермен Қазақстанның 7 облыс кеңістіктерінен кезіп, 5 ұлттық саябағын тамашалайды және 10 таулы асуларынан өтіп, еліміздің ең төмен жатқан нүктесінде қоныс тігеді. Экспедицияның жол маршруты Қазақстанның әсем көрікті, сирек зерттелген ерекше табиғи орындарынан өтеді.
Осылайша, маршруттың шығыс бөлігінде экспедиция Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Шыңғыстау тау қырларымен жол тартып, Алакөл және Марқакөл көлдерін жағалайды.
Еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде экспедиция қатысушылары Науырзұм қорының көркіне тамсанып, әлемнің ең көне тауларының бірі - Мұғалжар қияларынан асады.
Маршруттың батыс және оңтүстік бөлігінде автожорық қатысушылары Каспий ойпатының ерекше ландшафтыларын, «Сарайшық» тарихи кешені мен Бетпақ Дала шөлінен өтіп, Ақсу - Жабағлы қорының аса сирек кездесетін фауна мен флорасын тамашалайды.
- Маршруттың жалпы қашықтығын 10 000 км құрайды. Экспедиция іске асу кезеңінде (2012 жылдың 20 қыркүйегінен 8 қазанына дейін) қатысушылар табиғат көркемдігін тамашалап, фото және видео бейнелерін еркін түсіре алады;
- Экспедиция барысында қатысушылар Қазақстанның 7 облысынан өтіп, 5 табиғи қорын.көріп, 10 таулы асуларынан асып, еліміздің ең төменгі нүктесінде қоныс жасайды;
- Экспедиция маршруты Қазақстанның ең әсем көркімді және аз зерттелген өңірлерінен өтеді;
- Маршрут бойы қарама-қарсы табиғи-климаттық жағдайлы аймақтарды қамтиды және Қазақстан табиғатының әр қилы өрістерін тамашалауға толық мүмкіндігін береді;