Кино және мәдениет фестивалі 2012

2012 жылдың жаз шағында Қазақстан атағы екі бірдей жер континентінде дүркін етті. Лондондағы Қазақстан құрамасының алтын жүлделерінің жарығы атып жат0анда, ғаламшардың басқа шетіндегі Лос-Анжелес қаласында «Қазақстан – кинофильмдер бейнетізбегі» кинофестивалі қадамын басты. 3 тамызда Америка Режиссерлік Гильдиясында қазақстандық кинофорумы ашылды. Оның басты ырғағы жақында түсірілген қазақстандық фильмдеріне және жас режиссерлер кинотүсірімдеріне арналды

Фестиваль ортасына жол басып, жасыл тау бөктеріндегі атақты Hollywood жазуын, сонымен бірге Режиссерлік Гильдия маңайындағы көшелерде орнатылған қазақстандық жарнама плакаттарын  көргенде, болып жатқан оқиғаның маңызын ерекше бағалайды екенсің..

Былтырғыдай, фестивальдың ашылу рәсімі кезінде голливудтық көрермендердің аса қызығушылық танытуы байқалды.

Бұл жолы кинематографиялық бағдарлама мазмұнына музыкамен бірге тағы екі экспозициясы қосылды. Ментай Өтепбергенов коллекциясынан іріктелген киноплакаттар қазақстандық кино тарихының ерекшелігіне бөлендіріп, ал қазақтың ескі зергерлік бұйымдары голивудттық сәнқойларының көңілдерінен шықты.

Ашылу рәсімін жүргізгендер Гаухар Нұртас, фестивальдің басқарушы директоры және атақты голивудтық актер Кэрри-Хироюки Тагава болды. Бұл актердің қоржынында көптеген танымалы фильмдері салынған, олардың ішінде: «Последний император», «Мемуары гейши», «Мортал Комбат», «Пёрл-Харбор».

Гаухар Батысқа Қазақстан тарихы мен мәдениет байлықтарын көрсетуді аңсағанын және осы фестиваль арқасында арманы орындалғаны жайында көңіл бөлісті

Кери азиялық ой-сана ерекшелігі мен тереңдігі және Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік идеяларын бірлестіретін Орталық Азияның ерекше маңызын айтты.
Продюсер Стивен-Чарльз Джаффе өз сөзінде Қазақстанның құрметті консулы  болған себебін ашып, фестиваль бағдарламасында көптеген таң қаларлық қызықты нәрселер болатындығын сөз қылды. АҚШ мемлекетіндегі Қазақстан елшілігінің өкілі Дастан Елеукенов фестиваль дайындығын белсенді түрде қатысқан елшіміз Ерлан Ыдырысов басқаратын дипломатиялық миссиясының үндеуін паш етті

Ашылу рәсімі кезінде айтқан сөздерінде Найзабек Олжабайұлы (ҚазГео, бас серіктесі) қазақстандық спортшы бикештер ел қоржынын олимпиадалық жүлделеріне  толтырып жатқан кезде, екі басқа қазақстандық арулар Гаухар Нұртас және Зарина Мамырқұлова әлемдік кино ортапығында қазақстандық ең батыл кинофорумын ашып отырғанын атап өтті..

Фестиваль қонақтары ашылу кезінде Оңтүстік Полюске аттанған тұңғыш қазақстандық экспедиция жайындағы Василий Мозжухин түсірген «108» атты фильмін тамашалады. Бұл экспедицияны басқарған ҚазГео басшысы Нұрлан Абдуов осы кинофестивальді ұйымдастыруға да белсенді түрде ат салысты. Естеріңізге салсақ, бұл ұйымның мақсатында географиялық белестерін игерумен  бірге еліміздің мәдени жетістіктерін де әлемге тарату қойылған.

Біраз қонақтар осы қатерлі және қызықты саяхаттың барысы жайында Қазақ Географиялық Қоғамының өкілдері Роман Генов және Найзабек Олжабайұлыдан мәлімет алуға асықты.

Фестивальдың музыкалық бағдарламасы қазақ халқының әуендерінің көне және  қазіргі заманғы сарындарына толды. Ержан Исин ұлттық әуендерін замануи электродомбыра аспабымен шертіп, Байтақ Даланың ежелгі дәстүрлерін келешекке созып шыққындай болды.  «Інжу-маржан» инструменталды тобының солистері Ляйля Тәжібаева мен Айгүл Аужанова қазақ фольклорының қазіргі әуендермен бір сарында үндес болуын шеберлікпен паш етті.

Режиссер Гильдиясының фойесінде әйелдер бокс әлем чемпионы Дейзи Ланг бикештің келбетін де көруге болатын.

Кейбір қонақтар Американың басқа штаттарынан, соның ішінде, Нью-Иорктан да келіпті.

Бұл күні кино түсірушілердің қатысуы арқасында Голливудтағы біздің отандастар қатары біраз кеңейді. Фестивальге Ерлан Ялгашевпен қатар Ермек Шинарбаев та келіпті

– «Періштеге хат» кинофильмінің режиссері (продюсер Гульнара Сарсенова) және Юлия Тихонова («Біз ертең көреміз).

Арманд Ассанте және Ерен Ялгашевтың «Диалог через степь» кинофильмі фестивальдің алғашқы күнін аяқтады. Астанада өткен әлемдік діни нәсілдеріне арналған форумы тақырыбына арналған қойылым Арманд Ассанте үнімен -  адамзат бір бірін түсіне білсе, әлем де анағұрлым жақсарады - деген  қазақстандық аса маңызды идеясын жеткізеді.

Олег БЕЛОВ
Автордың фотосы