Экспедицияның ғылыми бағдарламасы
Қазақ Географиялық Қоғамының Оңтүстік Полюске бағытталған экспедициясының ғылыми бағдарламасы
Жоспарланған қызмет атауы (түрі):
- Оңтүстік Полюс бағытындағы маршрутының метеорологиялық бақылауларын орындау. Өлшемдік тізбегін жасау (алты негізгі өлшемдер): ауа температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысым, жел жылдамдығы мен бағыты, және т.б.
- Қарлы-мұздық қабаты мен ауалық бассейн қалыпының экологиялық күйін тексеріп, әрмен қарай зертханалық жағдайдағы зерттеу жұмыстарына жіберу;
- «Новолазаревская бекеті – Оңтүстік Полюс» маршруты бойындағы қарлы-мұзды қабатының көлденең кескінін анықтау мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізу (алғашқы рет).
- Құрлықтық мұз қабатының қалыңдығын анықтау;
- Радиациялық жағдайының өлшемдерін жасау;
- Жұмыс атқаратын полярлық бекеттер тұрмысын қамтамасыз ету жағдайларымен танысу;
- «Новолазаревская» полярлық бекетінде ресейлік ғалымдарымен бірлескен жұмыстар атқару. Антарктида теңіз асты телімінің экологиялық жағдайын зерттеу, фото-видео материалдарын жинау;
- 1911 – 2011 жылдар аралығындағы климат өзгеруінің салыстырмалы қалыпын зерттеуге бағытталған материалдар жинау;
- Жергілікті жағдай қалыпын зерттеп, Антарктида құрылығында Қазақстандық ғылыми бекет орнату мақсатында тиісті ұсыныстар тізімін дайындау;
- Антарктида бойынша халықаралық Келісімге Қазақстан Республикасының қосылу мәселесін қарастыру ықпалында қажетті материалдарды зерттеп дайындау;
Қызмет нәтижесіндегі күтер үміттеріміз:
- Антарктида жайындағы экологиялық, мето-климаттық және басқа мәліметтер жинағы;
- Фото-видео материалдар жинағы;
- ҚР Үкімет тарапына Антарктикада Қазақстандық гидрометеорологиялық ғылыми бекет ашу жөнінде ұсыныс өтеу;
- Антарктика бекеттеріндегі әр жылдарда қызмет атқарған қазақстандықтар жайында көркем бейнелі фотоальбом басылымын шығару;
Оңтүстік Полюске автокөлікпен жету бойынша рекорд қою жетістігін орындау (алғашқы рет) Атқарылған іс.