Қорық аймағында арқарлар, тау ешкілер, маралдар, сусарлар, ондатрлар секілді сүтқоректілердің шамамен 60 түрі мекендейді. Осы аңдардың 10-ы - ілбіс, батыс-тяньшан Мензбир суыры мен арқар Қызыл Кітапқа енгізілген.

Ақсу-Жабағлы қорығының орталығында 1800 метрдей тереңдікте Ақсу арнасы орналасқан. Ақсу арнасы – бұл қорық табиғатының тек бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар тауға салынған ежелгі суреттердің палеонтологиялық тұрағы болып саналады.

Қорық жерінде "Кіші Қайыңды" және "Үлкен Қайыңды" шатқалдары бар. Назарларыңызға гүлге толы таулы жердің көгалы ашылады. Жайылымның айналасы аршалы орман. Сол жерлермен серуендегенде бөденелердің сайрағанын, шілдер мен кекіліктердің шағын топтарын және аспанда күшігендерді көруге болады. Шалғындарда түнде қоректеніп жүрген аюлар мен доңыздарың ізі байқалады. Жолда жағалауында орхидея гүлі өсіп тұрған әдемі жылғалар кездеседі. Ары қарай жол бойында лигуляриялар мен иван-шай да өсіп тұр. Содан кейін "Үлкен Қайыңды" жылға даласының көріністері ашылады.

“Ақсу-Жабағлы” қорығының әсемдігі туралы көп нәрсені айта берсе болады. Десе де, бұл жерге өздеріңіз келіп, өз көздеріңізбен көргендеріңіз жөн!
Біздің тобымыз демалыс күндерінде ұйымдастырылатын сапарларында осы тамаша жерге баруға шақырады!