Шатқал мен оның бөктерінде өсіп тұрған ғасырлық Тянь-Шань шыршалары су астында қалып кетеді. Сөйтіп табиғат күшімен ғажайып - Қайыңды көлі пайда болды!

2010 жылы тас пен балшық аралас сел тасқыны жүріп өткен. Тасқын жолындағының бәрін жайпап жойып, шатқалда ғасырлар бойы өскен шыршаларды түбімен жұлып кетеді. Сол кезде, табиғи бөгет қиратылып, көл "ағысы" басталады. Көлдің су деңгейі екі метрден асық түсіп кетеді. Тасқынға дейін оның тереңдігі 23 метрге дейін жеткен болса, қазіргі кезде небәрі 17-18 метрді құрайды.