1929 жылы шатқалда аң аулау шаруашылығы құрылады. Сол жерге киіктерді, қарақұйрықтарды, шілдерді, қояндар мен қырғауылдарды әкеліп тастайды. 10 жылдан кейін Барсакелмес қорығы құрылған болатын. Ол Қазақстандағы экологиялық жағдайы төтенше болып саналатын қорық. Қорық ауданы 160 826 га құрайды. Оның аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген, сирек кездесетін жануарлар түрлері бар. Шатқалдың көп бөлігінде шыбықты және арал жусаны өсіп тұр. 2016 жылы Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының Дүниежүзілік желісіне енгізілген.