Мұндағы елесті ландшафтты қайталанбас ашық бояулы саздар құрайды. Алыстан қарағанда қызыл сазды жартастар жалын секілді, сол себептен оларды "Жалындаған жартастар" деп атайды. Ыстық ауа-райы мен судың болмауы бұл жерлердің көріністерін ерекше етіп қалыптастырады. Назарды алқаптың өсімдіктер және жануарлар әлемі баурап алады.

Өсімдіктер әлемі өте сирек кездесетін екі түрімен, өңір аясында қорғауға алынған: сұр атрафаксис пен Крылов сасыры танылған. Сонымен қатар аңғардан құртқашаштар, тораңғы түрлі жапырақты терек, сортаң, зайсандық лақса, қызғалдақ, шегіршіндер кездеседі.
Қиын-Керіште Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген, өте сирек кездесетін жануарлар әлемінің өкілдері: дуадақ, сары лемминг, жапалақ, сұңқар, бүркіт, дала қыраны, шөлді тағанақ, тарғақ та бар.