Үлкен Алматы Көлі, немесе, бұрынғы атауы Жосалыкөл (аударғанда- "Қызыл түсті" дегенді білдіреді) жерсілкініс себебінен, теңіз деңгейінен 2 511 метрде пайда болған.

Шамамен екі мың жыл бұрын Үлкен Алматы шыңынан жер опырылып табиғи түрде бөгеттеліп, шатқал пайда болған. ХХ ғасырдың 40-шы жылдары судың көптігінен, көлден өздігінен сарқырамалар таситын, бірақ кейіннен табиғи бөгет жақсартылды. Оны 10 метрге көтерткізіп, көл жақтан бетон тақтасымен қоршап, қаланы ішетін сумен қамтамасыз ету үшін автоматты түрде суды жинап және жіберіп тұру жүйесімен жабдықтаған.

Жылдың мезгіліне қарай көлдің суы жұмсақ жасыл түстен тоқ көгілдір түске дейін боялу мүмкін.