Қарағандыдан екі жүз шақырым жерде, шағын Қарқаралы қалашығының маңында, қазақ тілінен аударғанда "Шайтанның көлі" дегенді білдіретін сырлы көл орналасқан.

Шайтанкөл миллиондаған жылдар бұрын сөніп қалған Орталық Азияның жалғыз жанартауының орнында, өтпес және алыс ормандар арасында жасырынып тұр. Көлге келіп құятын өзендер мен бұлақ көздері болмай тұрса да, бұл жердің су деңгейі еш өзгеріссіз қала береді. Қардың мол болып ерігеніне, жаңбырдың нөсерлеп жауғанына, не болмаса апатап ыстық болғанда құрғақтылығына қарамастан көл суы бір қалыпты.

Шынымен де осы жұмбаққа толы суатты ешкім ешқашан мұқият зерттеп көрмеген. Осы кезге дейін судың химиялық құрамы, көлдің тереңдігіне байланысты нақты немесе болжамалы көрсеткіші анықталмаған еді.

Адамдардың айтуынша, көлдің түбін ешкім осы кезге дейін көрмеген. Ол жайлы көптеген аңыздар мен уақиғалар тараған. Солардың бірінде сұлу қыз Сұлушаш бай әкесінен, ауылдан Қарқаралы тауына қашып кетеді. Сол жерде жолбарысқа кезігіп, жабайы аңның жеміне айналмау үшін көлге секіре кетеді.

Басқа бір нұсқа бойынша, адамдар болмай тұрғанда шайтан Қарқаралы тауларына келіп мекен құрған дейді. Бірде оған жолбарыс шабуылдапты. Шайтан суға секіріп, батып кетеді. Сол себептен көлдің атауы Шайтан-Көлге айналып кеткен екен.