Оңтүстікке айда!

Мұз сауыты

Антарктиданың мұз сауыты астында зәулім ыстық көлдің сыры жасырылған

Егер сіздер жаңалықтарда жарты жылдан кейін космонавтардың Марс планетасына аяқ басатынын естігінде не сезер едіңіз? Бәлкім, бүкіл әлемдегі секілді сізде де бір ғажайып хабар естігіндей боларсыз? Өкінішке орай, газеттер мен теледидар көздерінен ғарыштық жаңалықтардан қалмайтын хабар көрінбей қалды: 12 тамыз күні «Арктикалық және Антарктикалық» ҒЗИ-ң директоры Александр Данилов мәлімдегендей: «2011 жылдың басында Антарктикадағы әйгілі ежелгі мұз астындағы «Восток» көлінің ашылуы аяқталады». Бұл жаңалықты әлемдік ғалымдар алқасы 35 жылдан бері күтіп отырды.

Антарктиданың мұз сауыты астында зәулім ыстық көлдің сыры жасырылған



Сиқырлы сулар

2010 жылдың тамызына қарай Антарктидада 140 мұз асты көлдері анықталды. «Восток» көлінің не ерекшелігі бар? Ең алдымен – мөлшер көлемдері. Сейсмикалық зерттеулерге қарағанда көл ауданы 16 мың шаршы метр құрап, орташа тереңдігі бір километрден асады. Жалпы өлшемдерімен ол Байкал көлімен іспеттес, Ладога көлінен көлемі және тереңдігі жағынан едәуір асады.

Академик Андрей Капицаның Шығысты «XX ғасырдағы ең ірі географиялық жаңалықтарының бірі», ал Жак Ив Кусто «планетаның ең жұмбақ нүктесі» деп атаулары кездейсоқ емес. Ғұлама ғалымдар оны «алтыншы мұхит» деп атайды. Бірақ ең ғажайыбы - антарктикалық мұз астында төрт шақырым тереңдікте жатқан, бір де бір күн сәулесі түспейтін су қоймасындағы жылу.  Осы себептен онда тіршілік те бар. Олай болса, бұл тіршілік мұз бетінді қалған тіршіліктен миллиондаған жылдар бойы арылып, бөлек өмір сүруде. Антарктиданың тереңдігінде бізге «өзге әлемдік» болып көрінетін жәндіктердің де болуы ықтимал.

Олардың болу - болмау жорамалдығын, түрлерінің қандай болатынын ғалымдар жақын арада білуі мүмкін. Антарктикалық жаз маусымы желтоқсан айында басталып, ауа-райы температурасы -60 градустан -30-ға дейін көтеріледі. Осы кезде көлге аты көшкен «Восток» бекетінде кезекті полярлық маусым басталады. Жыл сайын Оңтүстік Полюстен 1,2 мың шақырым, ең жақын жағалаудан 1,2 мың шақырым жерде орналасқан нүкте - антарктикалық континентінің қақ ортасына 20 физик, геолог, биолог ғалымдары мен техниктер тобы келіп тұрады.

Бұл құрлықтың ортасы – анағұрлым суық. 1983 жылы тура осы «Восток» бекетінде абсолюттік температуралық рекорд ьекітілген болатын -89 градус. Бұған Эльбрус шыңының басындағыдай атмосфералық қысым, Сахара шөлінен төмен ауа ылғалдылығын қосыңыз. Ондағы ауаның өзі айрықша – газ құрамы бойынша біздікінен мықты ерекшеленеді. «Мұнда асығуға, тез жүруге болмайды, терең тыныс алу мүмкіндігі жоқ. Болмайтын нәрселер жеткілікті». Адамның тұла бойын зілдей жүк басқандай, дем шығару қиындыққа түседі. Жағалаудағы «Мирный» бекетінде бір адам көтерген жүкті «Востокта»үш адам әрең тасиды», - деп әңгімелейді РАН академиясы географиялық институтының директоры академик Владимир Котляров

Бастапқы екі-үш апта бойы бекет қонақтары төсек тартып жату тиіс, жергілікті климат жағдайына бейімделу қиынға түседі. «Восток» бекетінде иттер мүлдем жоқ – бұл әр полярникке белгілі. Алғашқы кездерде экспедицияға лайка иттерін алатын, бірақ та олардың ешқайсысы шыдай алмады. Адам баласы әлдеғайда төзімді болып шықты. Алайда, олардың да басынан өткен қиындықтары болды. 1982 жылдың 13 сәуірінде бекет басында қатты өрт шығып, электрогенераторлардың барлығы істен шықты. Совет поляршылары электр қуатысыз ұзақ 8 ай бойы қиыншылықта қызмет атқарды. «Мирный» бекетінен арнайы құтқарушы көлік келгенше, олар солярка жанармайымен жылынып тіршілік жасады.

 

Тұңғиықтың жаңғырығы

Бұл ызғар суық пен тастай қараңғы өлкеде XX ғасырдың тағы бір ғаламат сыры ашылды. Басында, әдеттегідей, жаңалықты күмәнға салып, жаңашырлар қуғынға ұшырады. 1950 жылдың басында жас совет ғалымы Игорь Зотиков Антарктида мұз астында, аудан мөлшері Еуропа алқабына теңесетін тұщы суға толы теңіз айдыны жатыр деген санаға симайтын жорамал-гипотеза шығарды.

Ғылым Академиясында оны келемештеп, күлкіге салды. «Олар мұндай тереңдікте судың болуы мүмкін емес деген пікірде болды. Маған сөгіс жариялап, ғылым жолың кесілді дегендей болды.», - деп, еске алады ғалым. Алайда, тез арада, жедел телеграммамен ойсыратар хабар келді. Екі шақырым тереңдікте американдық «Берд» бекетінің бұрғысы суға тап болды, ұңғымадан су фонтаны атқылап шықты. Мұз асты көлдердің болуы өз дәлелін тапты, алайда, олардың көзін табу көп жылдар бойы сәтсіздікпен аяқталып отырды. Тек 1975 жылы материк бетін радарлық бейне түсіру кезінде ғылыми ұшақ ғажап сигналдар сезді. Құралға түскен деректерді зерттеу нәтижесі бұл 4 мың метр тереңдік мөлшерінде жатқан зәулім су қоймасының жаңғырығы екенін көрсетті.

Өстіп, Восток көлі ашылды. Геологтардың зерттеулері көлдің тіпті ғажайып сырларын ашты. Көлдің сулары өте жылы – 10 градустан жоғары екендігі анықталды.  Жай қалыптағы судан гөрі 50 есе артық оттегі көлемдерімен аса қамтылған тұщы су болып шықты. Қысымы да артық – 300 атмосфера маңайында. Бірақ та бұл тіршіліктің дамуына кедергі жасамайды.

Сол кезден бері, ғалымдар ежелгі суларға жету әрекеттерін әлі де қоймайды. Амал бір – термобур қолданып, мұзды балқытып тесу. Алайда бұл да оңай жол емес. Аса қатаң суықта бекеттен 15-20 минуттан артық шығу мүмкін емес. Алғашында пайдаланған бұрғылар мұз қабатында қатып қалатын.

 

Жұмбақтар қатары

 Мұзды тозақтағы алғашқы бұрғылау жұмыстары 1989 жылы басталды. «Жұмыс барысы өте ауыр жүріп, кейде күніне 70 метр керннен артық өте мұз қабатын алмадық. Тіпті, академик Капицамен бірлесіп ойға симайтын жоба әзірлеп, қолданысқа ұсындық. Оның мәнісі мұзды атомдық жылытқышпен - кішігірім атом реакторымен жабдықталған автоматикалық торап құралы көмегімен бұрғылау. Қуанышқа орай бұл жоба іске аспады.» - деп, еске алады Игорь Зотиков.

Қайтсе де, 1998 жылы шахтаның ауызы 3,6 мың метр тереңдікке жетті. Осы тұрда жұмбақты оқиғалар басталды. Экспедиция басшысы көлдің бетіне не болғаны бірнеше метр қалғанын және көптен күткен мақсатқа жету өтпелі жылда орындалу мүмкіндігін жариялады.  Осыдан соң, жұмыстар кенеттен доғарылды.

Ұзақ мерзім бойы еш жаңалықтар, не бір ресми түсініктеме де берілмеді. Содан кейін бұрғылау жұмыстары СКАР (Антарктикалық ізденістер бойынша халықаралық ғылыми комитет) ұйымының талабы бойынша доғарылды деген хабар жарияланды. Оның себебін СКАР ресейлік бұрғы «Восток» мұзасты көлінің тіршілігіне зиян келтіретін микроорганизмдерді тарату ықтималдығы бар деп түсіндіреді.     

Бұл тұжырымның мәнісі жоқ емес – Жер тіршілігінен тыс дамыған «Восток» жәндіктерінің біздің вирустарға қарсы тұратын иммунететі болмауы әбден мүмкін. Әйткенмен де 2003 жылы жылы бұл мәселе өз шешімін тапты. Петербург академиясы антарктикалық бекет үшін мұзасты көліне тазалықпен енетін арнайы бұрғылау технологиясын әзірлеп шықты.

Бірақ осы кезде бұрғылау жұмыстары мүлдем доғарылып, сол жылы бүкіл «Восток» көліндегі барлық ресейлік зерттеулер ... толығымен жабылды. Ресми жарияланған себебі – Арктика және Антарктики Институтының қаржылық тапшылығы болды. Зерттеушілер келесі жылы оралатынын айтқанымен, жұмыстар жалғасын таппады. Бұл таң қаларлық жағдай көлдің бетіне 150-ақ метр жетпей қалғанда орын алыпты.

Әрине, мұндай ғажап шешімдер көптеген әңгімелер туғызды. Әр қилы пікірлердің ішінде - «Восток» көліне баяғыда жетіп, онда бір жан түршігерлік ойға сыймайтын пәле тапқан, оны адамзаттан жасыруға тура келді деген ойлар да болды. Жағдайдың сырын поляршылардың күмәнді қылықтары одан әрі күшейтті. «Восток» бекетінің бұрынғы қызметкерлері сұхбат беруден, тіпті, қандай да бір мәлімет айтудан мүлдем бас тартты.

Жағдайдың өзгеруіне сыртқы саясатпен байланысты оқиға ықпал етті. 2007 жылы Д.Вудворд басқаруындағы американдық экспедиция Эллсуорт мұзасты көлін бұрғылауға әзірленіп жатқанын жария қылды. Оның үстіне американдықтар  қалыңдығы 3 шақырым мұз қабатын 50 сағат ішінде тесіп шығамыз деген мақтаныш білдірді.

Бұл жағдайдың іске асуы ресейлік антарктикалық экспедициясы абыройына тиетіні сөзсіз. Осы арада біздің поляршылар қаржы тапшылығы мен қажетті теникамен қамтамасыз етілу мәселесінің шешімін бірден тауып шықты. «Востоктағы» бұрғылау жұмыстары 2008 жылы жалғастырылды. Атқарылған ауқымды шаруаға қарағанда, қалған жұмыс оңай желпі сияқты көрінген болатын. Алайда, 2008 жылғы экспедиция, одан кейінгі 2009 жылғы экспедиция әрекеттері мақсатына жете алмады.

Жарияланған ресми түсініктемеде «Көлдің бетіне жетер алдында термобұрғы мөлшері 1,5 метр мұз криссталдарына тіреліп, қысылып қалды. Одан жүктартқыш құрал сынып, забойды термобұрғымен жалғайтын трос-кабель үзілді. Сондықтан аса терең ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын тереңдік 3665 метр белгісінде доғаруға тура келді» делінген.

Бір сөзбен айтқанда, көлдің бетіне не бары... 50 метр жетпй қалған. Мұнда не айтуға болады? Біздің антарктикалық экспедициялар алдында бұрғылау жұмыстарымен байланысты ғажапты қиындықтар жыл сайын қайталануда. Айтпақшы, американдықтар да Эллсуорт көлінің бетіне жете алмады. Енді тәуекелге бел байлап, 2011 жылдағы әрекеттің сәтті болуын күтудеміз. Сәттің қажеті мол – ол тұңғиықта не бар екенін кім білер?

Ақпарат көзі:  www.argumenti.ru