Оңтүстікке айда!

Сонымен, біз үй жаққа жол тарттық. Еліміздің Тәуелсіздік күнін полюс бетінде атап өткенін қалап едік, әттең, ауа райы бұзылғаны жоспарымызды өзгертті. Күш жинап келе жатқан антарктикалық циклон, Новолазаревская бекетінен ұшақтың ұшуын едәуір кідіртіп қалдырып, Антарктикада қаңтардың ортасына дейін отырып қою әбден ықтимал. Жолда мрекелеп өтерміз.
Айтпақша, полюсте, еліміздің мемлекеттік туымен бірге Қазақстан Республика Конституциясының данасы да юолып шықты. Елге қайтқанда ол мұражайға тапсырылмақ.

 

Плюсте не бар екені жайында қысқаша әңгімелейік.

Әйгілі америкалық «Амундсен-Скотт» бекетіне АҚШ-ң құрамында 18 мүшесі бар әскери-теңіз күштерінің экспедициясы 1956-1957 жылдары негіз салған. Олар 1956 жылдың қазан айында келіп,1957 жылы Антарктида тарихында алғаш қыстау өткізді. Жергілікті климаттық жағдай беймәлім болғандықтан,қандай болсын ауа райы әсеріне төзу үшін, экспедиция базасы мұз астында салынды.

Алыстан ұсқыны қамалға тартады, ішін көргенде бұл – ғылыми зертханалары мен тұрғын үйлерден құрылып, тірішілік жүйелері бар кәдімгі полярлық бекет. Тіпті сувенирлер – майкалар мен күртешелер, бейсболкалар және сол сияқты нәрселер   сататын дүкені де бар екен.

Оңтүстік Полюске ұшақпен де жетуге болады – бекет маңайында әуежай жа салынған. Алайда, жеңіл жол нағыз антарктикалық сезім бермес …
 
Ал енді біз уақытша орын тұрағымызды жинастырып шықтық…
… өзіміз жиналдық та, үй жаққа жол тарттықсобрались, и отправились домой.
 
Қазір біз полюстен 371 км алыстадық. Күнбұзылысты озып, шапшаң басып, зулап келеміз..

Маршрут барысы жөнінде тікелей репортаждарды бақылап отырыңыздар:
  • Қазақ Географиялық Қоғамының ресми сайтында
  • Facebook http://www.facebook.com/kazgeokz,
  • Vkontakte http://vkontakte.ru/kazgeo
  • http://kazgeo.kazakh.ru
  • http://twitter.com/#!/kazgeo_kz хэштег #kazgeo2011