Оңтүстікке айда!

Пингвиндер Өлкесіндегі екінші күніміз (шынына келсек, оларды әлі көрген емеспіз) жолға шығар алдындағы қызу дайындықпен өтті. Жолға алар бүкіл жұгіміз контейнерлерге қапталып, әрқайсысы жаэумен таңбалағаннан соң, үш тіркегішке тиелу керек. Бәрін тиеп болғанша жұмыс белден асар секілді – не болса да шаруаны тез бітіру қажет.

Ең бастысы – азық қоржындарын қаптау – жолда сатып алар супермаркет табылмас, жорықта салғаныңды жерсің. Сондықтан мұны дайындықтың ең маңызды тараптарының бірі деп білеміз.

Жүктің әрқайсына жазтаңба салынған, ертең қар астында қайсы қайда жатқанын іздеп әлек болмаспыз:

Консервілер, өз алдына, жорықтың нағыз азығы:

Алайда, біз үшін ең тәттісі – ұлтымыздың асылы – айналдырған қазы. Новолазаревская поляршыларының қазыдан есі танды. Оны қоржынға салып, Полюсте ет асып, бешбармақтың көкесін көрсетеміз.