Оңтүстікке айда!

2011 жылдың 7 маусымында республикамыздың елордасы Астана қаласындағы «Бәйтерек» Медиа-Орталығында Қазақ Географиялық Қоғамының басшылығы баспасөз-конференциясын өткізді. Өткізілген шара ел қауымын баспасөз құралдары арқылы жаңа құрылған Қоғамның негізгі мақсаттарымен таныстыруға бағытталған.

Баспасөз-конфренциясын өткізгендер:

ҚазГео Президиум Төрағасы Нұрлан Абдуов;

Ғылыми Кеңес мүшесі Орденбек Мазбаев:

ҚазГео жобаларының басшысы Константин Орлов;

Астана қ. Әкімшілігінің ішкі саясат департаменті бастығының орынбасары Самат Тергембаев;

ҚазГео ғылыми ізденіс жобаларымен таныстыру аясында «Оңтүстік Полюске Тұңғыш Қазақстандық Автокөліктік Экспедициясы» атты алғашқы халықаралық жобасын ортаға салды. Экспедиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына және норвегиялық саяхатшы Руаль Амудсеннің Оңтүстік Полюске алғаш аяқ басуына 100 толу мерейіне арналған. Жоба ҚазГео тарапынан және Астана қаласының әкімшілігі қолдаумен әзірленген.